Дархан Мыңбай: «Елдің дамуы мен өркендеуі жастарға тікелей байланысты»

Dalanews 21 желт. 2020 12:25 362

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай мен Парламент мәжілісі депутаттығынан үміткері, «Қайып Ата» ЖШС-нің директоры Сырым Ертаев «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен кездесті.

Кездесуді «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағысының бірінші орынбасары Алмас Әбдіқадыров ашып, жүргізіп. аудандық филиалдың сайлау алды бағдарламасымен таныстырып өтті.

Келелі кездесу барысында Дархан Мыңбай.

– Ата-бабамыз ел ертеңін қашанда жастармен байланыстырып отырған. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.


Сондықтан мемлекетіміз жастарға зор мүмкіндік беріп отыр. Сол мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Алдағы уақытта да жастар мәселесі партиямыздың назарынан тыс қалмақ емес, – деді.

Парламент Мәжілісі депутаттығынан үміткері Сырым Ертаев Сайрам ауданы ауылшаруашылығы үшін өте ыңғайлы екенін айта келе, жастарды осы бағытта еңбек етуге шақырды. Ауыл шаруашылығы саласында жастардың жеке кәсібін ашуға, ауыл шаруашылығымен айналысуға мүмкіндіктер зор екенін жеткізді.

Кездесу соңында «Jas Otan» ЖҚ-ның белсенді мүшесі Амалхан Төлебек бүгінгі атаулы күн Тәуелсіздік күніне орай өз өлеңін жатқа оқып берді. Сондай-ақ, жастар көкейде жүрген сауалдарын жолдады.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайрам ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x