Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде ауыс-түйіс жасады

Dalanews 10 ақп. 2020 13:01 247

Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыс-түйіс өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімдерімен:

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;

Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;

Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;

Андрей Анатольевич Калинин - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x