Тоқаевтың сегіз айы: не айтылып, не атқарылды?

Dalanews 28 қар. 2019 06:32 194

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгінін ұстағанына сегіз ай толды. Осы аралықта не істеліп, не атқарылды?  «Тоқаевтың тапсырмасы» деп елеп-ескеріп айтарлықтай ел өмірінде қандай өзгеріс болды?

Блогер Самат Нұртаза Мемлекет басшысының сегіз айдағы жұмысын сүзгіден өткізіпті.

Осы межедегі оң өзгерістерді саусақпен санап берген блогердің айтуынша, Тоқаев сөз емес істің адамы.

Соның дәлел осы сегіз айда:

  1. Кепілсіз несие алған тұрмысы төмен қазақстандықтардың қарызы кешірілді.

  2. Мұғалімдер және өзге де бюджет қызметкерлерінің жалақысы көтерілетін болады.

  3. Микро және шағын бизнес үш жылға дейін табыс салығынан босатылды.

  4. Ұлттық сенім кеңесі құрылып, жұмыс істеуде. Халықтың көкейінде өзгеріске деген үміт пайда болды. Билік өзге пікірге оғаш қарайтын әдетінен арылып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Мемлекет басшысы құқыққорғаушылармен кездесті. Бұл бұған дейін мүмкін еместей көрінген.

  5. Шетелдіктердің көші-қон полициясына келіп тіркелуі алынып тасталады.

  6. Көкжайлау курортының құрылысына тыйым салынды.

  7. Іле-Алатау ұлттық паркінде заңсыз таратылған жер кері қайтарылады.


 

  1. LRT жобасын жүзеге асыруда жымқырылған қаражатқа қатысты тергеу басталды.

  2. Парламент алдағы уақытта Тоқаевтың өзге де бастамаларын жүзеге асыратын заң қабылдайды. Оның ішінде педофилия, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету, есірткі тарату, мал ұрлығы және өзге де ауыр қылмыстың жазасы қатаңдайды.


Тағы бір шағын детальға назар аударуға тиіспіз.

Ешбір шенді-шекпендінің кабинетінде, көшедегі билбордтарда Мемлекет басшысының портреті жоқ. Ақтауда өзінің суреті салынған билбордты орнатқандарды Тоқаев сынға алған болатын.


«Бұл мүлде орынсыз! Мен мұндай дәріптеуге мұқтаж емеспін», – деді Мемлекет басшысы сол жолы.

Соған қарағанда, қазіргі Президентке пропаганданың да, портреттің де қажеті шамалы. Тоқаев – нақты істі, нәтижелі идеяны құптайтын  адам», – дейді блогер.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x