Назарбаевтың бастамасын Лавров қолдамады (аудио)

Dalanews 17 қаң. 2018 10:55 204

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған сапары іргедегі көршіміз орыстардың шымбайына батып кеткендей. Әсіресе Назарбаевтың қауіпсіздік саласы бойынша Америкамен «C5+1» форматында (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және АҚШ) ынтымақтастық орнатуға ықылас білдіруі Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қолдаған жоқ.  

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров журналистердің басын қосып, 2017 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылаған сәтінде Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың арасындағы байланысқа қарсы емес екенін айта келе:
– АҚШ Кіндік Азия елдерін «Үлкен Орталық Азия» жобасына тартып, Ресей мен Орталық Азия елдерінің арасын алшақтатуды көздеуі мүмкін, – деп алаңдаушылық танытқан Лавров ресми Вашингтон «C5+1» форматын өздерінің түпкі мақсаттарына пайдаланып кетуі мүмкін екенін алға тартты.

Иә, алдағы уақытта ірі державалар арасында Орталық Азия үшін күрес қыза түсетіні анық. Бұл басы ашық әңгіме. Күні кеше ғана сөз болған «C5+1» форматы қаншалықты жүзеге асатынына уақыт төреші. Ең бастысы қауіпсіздік саласында осы бағытта ынтмақтастық аясын кеңейту мәселесі көтерілгені бізді қуантады.
Біздіңше, Назарбаевтың бұл бастамасын Орталық Азияның Өзбекстаннан басқа елдері толықтай қолдауы мүмкін. Өзбекстан неге қолдамайды? Өйткені күні кеше ғана Өзбекстан президенті болып сайланған Шавкат Мирзиев тегі өзбек Ресей олигархы Алишер Усмановтың арқасында Кремльдің қолдауына ие болып, билік басына келгені белгілі. Сондықтан ол «C5+1» форматы қарқынды іске асып жатса, орыстар өзбектер бұл бастамаға кедіргі келтіруі ықтимал.

Керек десеңіз, дәл осындай кертартпа әрекетті қырғыз ағайындардан да күтуге болады. Өйткені, Сауранбай Жиенбеков Қырғызстанның президенті болып сайланғанымен Алмазбек Атамбаевтың ықпалынын толықтай сытылып шыққан жоқ.

Дегенменде, «C5+1» форматы бұл – Орталық Азия елдерінің мемлекеттігін нығайтатын маңызды формат деп есептесек болады. Бірақ, оның іске асуы да қиын екенін мойындауымыз керек.

Нұрлан ЖҰМАХАН, журналист

Сергей Лавровтың түсініктемесі төменде

[audio mp3="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2018/01/Labrov-.mp3"][/audio]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x