Даниал Ахметов Астанада аймақтық «Рухани жаңғыру» бағдарламасым таныстырды

Dalanews 21 там. 2017 10:35 263

Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов алдағы бес жылға арналған басым бағыттар туралы айтып берді.



ШҚО әкімі атап өткендей, облыстық бағдарлама, әрқайсысына аймақтық жобалар енген, «Рухани Қазына», «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты төрт ішкі бағдарламадан тұрады. Биыл аталмыш бағдарламалардан бөлек, ішкі туризмді, археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, үштілді білім беруді дамыту үшін 7 млрд. теңге бөлінгелі отыр.
– Бес жылдың ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жүзеге асыру үшін қомақты қаражат бөлінбекші, бірақ ол өз-өзін ақтайды. Себебі бұл құжат алда тұрған негізгі міндеттерді шешетін болады, – деді Даниал Ахметов

Аймақ басшысы бұл жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына облысымыздағы алдыңғы қатарлы үш университетті жұмылдырып отырғанын да атап өтті. Бұл жобалар тек ғылыми секторды ғана қамтымай, зерттеу жұмыстарына, әсіресе мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстарына баса көңіл бөлінінетін болады. Жұмыстың жүзеге асу процессінің маңызы да сол.

– «Рухани жаңғыру» Елбасы жүргізген орасаң философиялық еңбекке негізделген, – деді Даниал Ахметов. – Бұл өткенді терең сараптап, қазіргіні ойға алып, болашаққа көз тастау.



 ШҚО әкімі баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/29385

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x