Назарбаев: "26-шы бап? Біз бұған бәрібір келеміз..."

Dalanews 03 нау. 2017 08:36 220

Конституцияның 26 бабына түзетулер енгізу ұсынысына сәйкес "Қазақстан азаматтары" сөзін "әркім" сөзімен алмастыру еліміздегі инвестициялардың тұрақтылығын қаматамасыз етеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді деп хабарлайды nur.kz порталы.

«Біз тағы да халыққа келесіні түсіндіруіміз керек: меншікті сөз еткенімізде оны жер деген теңеумен белгілеуге болмайды. Адамда әр түрлі меншік бар - оның жері, жылжитын және жылжымайтын мүлкі», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев парламент палатасы отырысындағы сөз сөйлеуінде.

Ол бұл түзету елге инвестицияның құйылуын қамтамасыз ететінін және Қазақстан күндердің бір күні бұған аяқ басатынын айтуда. Алайда бұл мәселеде асығудың қажеті жоқ деп санайды президент.

«Қазақстан азаматтары» орнына «әркім» деп айтқанымызда, бүкіл заң қауымдастықтары мұны қолдады. Себебі, бұл елімізге инвестицияның құйылу тұрақтылығын, біздің инвесторлар мен қазақстандықтардың сенімін қамтамасыз етеді. Дегенмен біз асықпауымыз керек, жұмыс істеу қажет, бұл мәселеде консенсус (пәтуа) болуы керек, түсіндіру қажет. Біз бұған қайткенде келеміз, тіпті жерге де, себебі қожайыны жоқ жер - ешкімнің жері емес. Ол өзінің ауылшаруашылық өнімін шығару мүмкіндігін жоғалтады. Сол себепті, бұл бапқа өзгерісті біз кейінірек қарастыратын боламыз», - дейді президент.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x