Мұхтар Астанаға келе ме?

Dalanews 02 ақп. 2017 10:50 195

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Франция түрмесінен жуырда босаған олигарх Мұхтар Әблязовті Астанға шақырды деп хабарлайды ведомствананың баспасөз қызметі. Бұл жолы оған бұрынғы қылмысына қоса тағы біраз айыптар тағылып отырған көрінеді. Атап айтар болсақ, қылмыстық топ құрып шетелде және Қазақстан арнайы ұйымдасқан қылмыстарды жүзеге асырған болуы мүмкін деп отыр.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін жалғастыруда. Тергеу барысында жемқорлыққа қарсы қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының басқа да заңсыз әрекеттері табылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен болуы мүмкін. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген ведомство хабарламасында.

Бір апта бұрын БТА банкінің бұрынғы директорларының бірі Ж. Жарымбетов Түркияда ұсталып, елге әкелінген болатын. Ол қашудан жалыққанын, Әблязовқа сенгенін, бірақ оның арманы Қазақстанда билікке тұрақсыздық орнатып, төңкеріс жасау ниеті барын айтып, өзі бұл істі тергеуге барынша көмектесетінін жеткізген. Кейбір мамандар Әблязовты осы Жарымбетов берген жауаптар бойынша Астанаға шақырып отырған болуы мүмкін деп отыр.

Мұхтар Әблязов 2017 жылдың 10 ақпан, сағат 17.00-ге дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына келуі керек.
Ал Әблязов келе ме? "Ол Астанадағы тергеуге өз аяғымен келсе, бұлай қашып жүрмес еді ғой. Біздің биліктің логикасы қызық...", "Мұндай тәсілді ойлап тапқан адам шынымен саясаткер екен. Мүмкін, Мұхтар мырза өз аяғымен келіп, біздің әділ сот процесіне (тергеуге) нақты жауап берер" дейді әлеуметтік желіде пікір білдірушілер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x