«ҚазМұнайГазда» кімдер жұмыс істейтінін білесіз бе?

Dalanews 04 қар. 2016 12:52 219

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевтың ұсын саны 30-ға жуық қосшысы бар екенін NUR.KZ сайты хабарлады.  

Еліміздегі алып мұнай компаниясының басшылық құрамына жүргізіглеген тексеру барысында компания президенті Сауат Мыңбаевтың (ол әрі басқарма төрағасы) үш вице-президенті, 11 аға вице-президенті, 8 «қарапайым» вице-президенті, 6 басқарушы директоры бар екені мәлім болды. Осылайша Сауат Мыңбаев көмекші басшылардан кенде емес екені анықталды.

Айтпақшы, осы қаптаған басшылардың біразы еліміздегі саяси элитасы өкілдерінің балалары мен жақындары екен. Олардың қатарында бұрынғы бас прокурор Рашид Түсіпбековтың баласы Жанат. Осыдан біршама уақыт бұрын ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Тахир Балықбаевтың ұлы Қанатты да осы қалың басшылар арасынан табуға болады. ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің туған бауыры Ардақты, кезінде зейнетқа шығу жасын көтеріп, жұрттың ызасын туғызған Серік Әбденовті іздесеңіз «ҚазМұнайГаздан» табасыз.

Еліміз арқа сүйеген алып компания мұнай өндірумен қатар әзірше шенді-шекпенділердің балалары мен туыстарын жұмыспен қамтамасыз ететін орын болып тұр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x