Атамбаевтың жүрегі сыр берді

Dalanews 20 қыр. 2016 15:52 211

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Нью-Йорктегі БҰҰ 71 сессиясына қатысуға аттанып бара жатып, ауруханға түсті. Ыстамбулдағы Ататүрік әуежайынан Нью-Йоркке ұшайын деп тұрғанда А.Атамбаевтың жүрегі кенеттен сыр берген. Бұл жайында dalanews.kz сайты хабарлайды.

Атамбаевтың денсаулығы тексерген дәрігерлер оған жан-жақты тексеру жүргізу керек екенін айтқан. Сол себепті Алмазбек Атамбаев БҰҰ 71 сессиясына барудан бас тартты. Қырғыз делегациясын Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев бастап барды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x