Тоқтар Әубәкіров: "Біз қайыршы халықпыз..." (видео)

Dalanews 04 ақп. 2016 23:20 211

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров Facebook әлеуметтік желісінде орналасқан роликте Қазақстанның Конститутциясы, билеуші партия және алдағы Парламент сайлауына қатысты ой бөлісті деп хабарлайды Kursiv.kz аталған әлеуметтік желідегі аккаунтқа сілтеме жасап.

Өз сұхбатында Тоқтар Әубәкіров, «Қазақстанның Конститутциясын 4-ші сынып оқушысының шимай дәптеріне айналдыруға болмайтынын» атап өткен.

«Мен шет мемлекеттердің алдында бізде Конститутция бар деп айтуға ұяламын, себебі бұл конститутция емес, заңсыз –сайланған депутаттар жаза салатын оқушының шимай дәптері, – деген пікір білдіріпті ғарышкер.

Оның айтуынша, елді бірпартиялық жүйе болмауы керек.

«Неге десеңіздер, бірпартиялық президент, өзінің партиясы бар президент және қазіргі уақытта билеп-төстеп отырған партия – бұл уақытша құбылыс: күндердің күні ол бәрібір де кетеді, тіпті сайлау жолымен кетпесе де, ақыр аяғы өледі. Біз бәріміз де ажалдымыз. Қазақстанның болашағын ойлау керек. Келер ұрпақ сені осы мемлекетті қиратып тынған адам ретінде емес, қабырғасын қалаған қайраткер ретінде еске алуы қажет. Қазір бірде-бір кәсіпорын жоқ. 1991 жылы Тәуелсіздік алғанда, біздің бір тиын сыртқы қарызымыз жоқ еді. Бүгінгі күні біздің қарызымыз ЖІӨ-нің өзінен асып түсті. Біз шынымен де қайыршы халықпыз, бірақ мұны әлі де болса сезіне қойған жоқпыз, қоғам да мұны әлі түсіне қойған жоқ», – деп есептейді Тоқтар Әубәкіров.

Дереккөз:  Kursiv.kz


https://www.youtube.com/watch?v=wqFNJBj9W2Q

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x