Ә. Қажыгелдин: Мұндай Үкіметпен өмір бойы дағдарыста өмір сүресіз

Dalanews 27 қар. 2015 05:40 332

 

Қазақстанның экс-премьер министрі, қазір алыста тұратын Әкежан Қажыгелдин осындай пікір білдіріпті. Неге? Қажыгелдин неге олай ойлайды? Оның себебін төмендегі мақаланы оқығанда білетін боласыз.

 Билік Ұлттық банк төрағасын орнынан алу туралы шешімді тым кеш қабылдады. Бұл бұрыннан көтерілген мәселе еді, оған дейін қайда қарағаны белгісіз.
Соның салдарынан 2 млрд доллар далаға кетті! Билік теңгеге «бостандық» берді, бірақ курсты бәрібір де тежеп отырды.

[caption id="attachment_12561" align="alignleft" width="300"]Кажегельдин Әкежан Қажыгелдин[/caption]

Ұлттық банктің жаңа басшысы (Данияр Ақышев) кім, білесіздер ме? 20 жасында Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, содан бері шенеунік. Бәлкім 90-шы жылдары бұл академия беделді болған шығар, бірақ қазіргі жағдайда жаңа басшының білім-білігі халықаралық дипломы, ғылыми дәрежесі бар дәл өзі сияқты басқа елдердегі ұлттық банкті басқаратын әріптестерімен сай деуге келмейді. Білмеймін, осы уақытқа дейін президент әкімшілігінде істеді, білімін толықтырып үлгерген шығар.

Негізі бұл да мәселе емес. Ең басты кемшілік: бүгінгі қазақ экономикасының ескілігі, құрылымдық тұрғыдан көнергені. Бізде бір ғана монополист бар, ол – мемлекет.

Бәріне Үкімет кінәлі

Елді бүгінгі дағдарысқа алып келген Үкіметтің өзі. Мұндай Үкіметпен өмір бойы дағдарыста өмір сүресіз.

Сосын Қазақстандағы Ұлттық банкті АҚШ-тың федералды резервтік жүйесімен және Ұлыбританияның Орталық банкімен салыстыруға болмайды.

Америка мен Ұлыбританияның құрылымдары өз елдерінің несиелік қаржылық саясатын қалыптастырады, жүргізеді. Ол жақтағы ең негізгі қаржылық ойыншы – жеке капитал. Ал біздегі қаржылық ойыншы – президент әкімшілігіндегі қайдағы бір бөлім немесе басқарма.

Біздің инвестор кім?

Өткенде Астанада ұйымдастырылған инвесторлар саммитін басынан аяғына бақылап отырдым.

Инвесторлар дегені – Қазақстанға келгеніне ширек ғасырға жуықтаған, былайша айтқанда билікпен әлдеқашан әмпей-жәмпей болып кеткен әрі әлі күнге дейін Қазақстанның қазба байлығын сорып келе жатқан корпорациялардың басшылары. Олар аларын алған әлдеқашан. Тіпті кейбіреуін мемлекеттің алдындағы инвестициялық міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартуға болады.

Қазіргі әлемдік инвесторларға мұнай да, газ да қызықты емес. Қазақстанның ескі зауыттары мен өндіріс орындары тіптен тартпайды. Қазақстанға инвестиция тартудың әдіс-амалын жер қойнынан іздеуді қою керек.

Дағдарыс әлемде емес, Қазақстанда

Сосын бәзбіреулер айтқандай жаһандық дағдарыс жоқ. Мұнайдың бағасы құлдырағаны әлемнің дағдарысқа ұшырағаны емес, бұл күтілген дүние еді.  Біз мұнайдың баррелі 8 доллар тұратын кезде жұмыс істегенбіз. Дағдарыс әлемде емес, Қазақстанда.

Әлемнің қаржылық ресурсы жетіп артылады. Оған қол жеткізудің жолы – экономикаға деген ескірген, көнерген көзқарастан арылу.

Қазақстан экономикасының болашағын анықтайтын әсте Үкімет емес. Үкімет өз жұмысымен айналыссын. Коммуналдық және әлеуметтік сектордың жағдайына алаңдасын, бюджеттің мақсатты жұмсалуы мен инфляция деңгейін бақыласын. Бұл дағдарыспен күресудің бір жолы. Қазақстан экономикасының болашағын басқа адамдар анықтау керек.

Өзіңіз ойлаңыз, бізге инвестиция қалай келеді? Бүгінгі жүйе, ескірген көзқараспен бірнәрсе мандытамыз ба? Егер нақты әрі дұрыс инвестициялық бағдарлама ұсынылса, бизнестің беделділері бізге өздері-ақ ұшып келер еді. Бір кездері солай болған...

Қазақстанға инвестиция тартқысы келсе, президент Назарбаев модернизация комиссиясын басқаруын Мәсімовке жүктемей, өзі басқаруы керек еді. Себебі, Үкіметтің жағдайы белгілі. Қолынан келмейді. Амал жоқ, қымбат тұратын, бірақ аты да, заты да белгісіз шетелдік мамандарды шақыртады. Олар әр бетке бір-бір Нобель премиясының иегерлерін тартып, жүз беттен тұратын әрі адам түсінбейтін бағдарлама жазып шығады. Олардың жазғаны біздің жағдайға, біздің тұрмысқа, біздің болмысқа келмейді.

Жандосов лайықты еді...

Ал Ұлттық банкке қатысты айтсам, төрағаның қызметіне Ораз Жандосов лайықты еді. Себебі, тәуелсіз әрі өз пікірі бар. Меніңше, Ақышевтың алып кетеріне президент те күмәнмен қарайтын сияқты. Бірақ, шешімді өзгертуге болады ғой.


Дайындаған, Думан БЫҚАЙ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x