«КӨРТЫШҚАНДАР» МЕН «ТАРАҚАНДАР»

Dalanews 14 қар. 2015 12:18 366

Жатар алдында қызыма «Шерткіш пен тышқан патшасы» («Щелкунчик и мышиный король») атты ертегіні оқып бердім. Оқып болғаным сол екен, ойыма қызық параллельдер оралды. Біздің элитаның жаппай «көртышқандарға» айналуы былай қарасаң, біздің қоғамды саралауға да мүмкіндік береді екен. Сонымен...

Талғат ӘБДІЖАППАРОВ, қоғам қайраткері


талгат Жүйенің дәл ортасында Көртышқандардың (әлде әдепкі тілмен «крысалардың» дегеніміз дұрыс па? ) патшалары отырады. Өзгелер үшін олар Құдай, бірақ Шерткіш үшін олар әншейін сайқымазақтар. Әзірге. Бұдан кейінгі кезектегі «көртышқандар» – қаржылық-өндірістік топтардың мүшелері және екінші эшелонның шенеуніктері. Патшаларына қарағанда көртышқандар сотталады, жазаға да тартылады.


Мұндай «көртышқандар» кемені оңтайлы сәт туса тастап қашуға әзір. «Көртышқандар» бүкіл қаржыны астына басып отыр. Олар өздері және өздерінің патшалары үшін тонайды, жейді. Олар үлкен қызметтерде отыр. Қандай дейсіз бе? мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда...


Олар ақша үшін таласады, қаржыны өзім бақыласам дейді, өзгеше ойлайтындарды жек көреді. «Көнбегендерді көндіреді. Бағынбағандарды құртады. Олар кім? Әрине, ақпарат құралдары, интеллигенция, қоғам қайраткерлері, меценаттар.

«Олар бәрі біздің тәртіпке бағынуы тиіс және өмірдің өзі солай жоспарланған» деп ойлайды «көртышқандар». Біздің де солай ойлайтынымызға сенімді. Қысқасы, олар біз үшін және біздің атымыздан шешім қабылдайды.

«Көртышқандардың» патшалары да, өздері де 999 пайызға арсыз. Олардың болмысы сондай. Олар үшін ешқандай ұлттық мүдде, мемлекеттік мүдде жоқ. Тек өз мүдделері ғана бар. Олар елдің алдында бір-бірімен араздаспайды, астыртын және ең жауыз әдіспен күреседі.

Ақ тышқандар бар. Зерттеуге, тәжірибеге арналған. Олар ұрламайды. Ойлағаны –мемлекет және қара халық. Олар түсініксіз өліммен өледі. Бірақ олар да белгілі бір дәрежеде қаптесер-тышқандар.  Оларды ірі тышқанның деңгейіне жеткенше бордақылайды. Былайша айтқанда, олардан пайда бар. Себебі, ұрламайды және тәжірибе жасауға керек.

Бұдан кейінгі деңгей – қолбала-тышқандар. Барып кел, шауып келмен айналысатын «мелкий» шенеуніктер. Олардың билігі мардымсыз, шектеулі. Бірақ, олар да ұрлайды. Олар да түптің-түбінде «көртышқанға» айналсам деп армандайды. Бірақ, олардың мұндай тышқанға айналуы сирек, олар өмір бойы сол деңгейде қалмақ.

Ал өзге адамдар жай жәндіктер, тарақандар. Олардың ешкімге керегі жоқ. Кейде олар шкафтың астынан сығалайды, кей кездері жарыққа шығады, бірақ мұндайда оларды газет пен немесе тәпішкемен «тарс» еткізіп мыжып өлтіреді. Тарақандар өздерінің бауырларымен бірге қараңғыда, қапаста өмір сүреді. Ал жарыққа шықса, тым-тырақай қашады. Оларды талай улаған. Бірақ, жаны сірі өздерінің.

Олар тышқандарды жек көреді, көртышқандардан қорқады және әділетті, адал Көртышқандар патшасы туралы аңызға (мифке) сенеді. Олар үшін біз бәріміз – тарақанбыз. Бірақ, бізде әртүрліміз. Арамызда тарақандар, құмырсқалар, аралар, сона, шыбын-шіркей, жынды көбелек, шегіртке, қоңыздар бар. Ал Шерткіштің кім екенін білесіздер ме? Одан бұрын сіз өзіңізді кім деп сезінесіз?

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x