КАЗАКТАР, СЕНДЕР КІМСІҢДЕР?

Dalanews 11 қаз. 2015 05:41 498

[caption id="attachment_11981" align="alignleft" width="177"]12067108_767545306701850_686822853_n Ботагөз Исаева [/caption]

Ұлт жанашыры Ботагөз ИСАЕВА Қостанай облысының Ульянов елді-мекенінде жеке ауыл құрған казактардың әрекетін басыну деп санайды. Оның бұған қатысты ой-пікірін газет бетінде жариялауды жөн деп таптық.

 «Nur.kz» деген сайт күллі елден «сүйінші» сұрағандай болды өткенде. Қостанай облысының, Ульянов елді-мекенінде казактардың отбасы өздерінің тарихы, дәстүрі, болмысына сай казак ауылын құрғалы жатыр екен.

Құрып та қойған. Арасында атаманы бар. Аты – Павел Паратиков дейді. Сол бүй депті: «Казактар әуелде ауылда тұрған. Халық қалаға қашып жатқанда, біз керісінше ауылға көшіп келдік» депті. Жарайды, бұл өз еркі.  Оның «тарих пен дәстүрге сай казак ауылын құрамыз» дегені қауіпті.

Алдымен «Nur.kz» туралы айтайық. Бұл сайт ел ішіне іріткі салуымен айналысатын сияқты. Өткенде қазір істі болып жатқан экс-премьер Серік Ахметов осы Nur.kz бар және тағы бірнеше ықпалды сайтты өтірік ақпарат таратып отыр деп айтқан. Ахметов бұлай деген болса бұған себеп болды деген сөз.

Бұл жолғысын қалай түсінуге болады? Айналасы оншақты казак отбасын күллі Қазақстанға жарнамалау үшін аталған сайт үлкен репортаж жасапты. Бұл кімге керек болды? «Nur.kz» оны неге қуана хабарлайды? Естіп жатса, өздері жауап берер деп ойлаймыз.

imgonline-com-ua-compwBZba37zikrxӘлгі атаман айтқандай, Ульяновтағы казактар қауымы өз дәстүріне сай ауыл құрмақ екен. Олардың дәстүрі не? Ең біріншіден әскери форма. Өйткені олар ұлт емес, әскери жасақ.

Тарихына тоқталмай-ақ қоялық. Тек бір айта кетерлігі, мынау: өзінің Facebook-тегі парақшасында Жасарал Қуанышалин тарихшы Хорошкин дегенге сілтеме жасапты. Ол не деген?

«Казактарға  – орыстың отарлау саясатының жылдам жүруіне атсалысу, орыс отарлаған жерлерде империяның ықпалын арттыру, отарлаған жерлерді қорғау міндеті жүктелген (былайша айтқанда, олар жазалаушы отрядтың қызметін атқарған, авт.)». 

Империя құлағаннан кейін казактар да құрыған болатын. Ендеше Қазақстандағы казактардың қайта «тірілуін» қалай түсіндіруге болады? Қазақтардың Ермактан көрген қорлығы аз ба?

Казактармен сөйлескеніміз бар. Олар өздерін орыс санамайды. Біздер «еркін туған, ерекше жаратылған адамдармыз» дейді. Олардың ерекшелігі, империяның қолшоқпары болғанында...

38819574Қазақстан тәуелсіз алғанда олар қулық жасады. Мемлекет басшысы Назарбаевты жоғарғы атаман етіп тағайындады. Президент келісті...

Қазақстанның заңы бойынша, жалпы өз-өзін сыйлайтын кез-келген елде бөтен әрі сол елдің әскери үлгісімен сәйкеспейтін форманы киюге болмайды! Соған қарамай, әлгі Ульяновте қоныстанып алған казактар әскери киімі мен шашкісін киіп алып тайраңдап жүр. Оларға кім рұқсат берді? 

 

 Олар неге орыс империясының туын ұстайды?


«Казачья станица» дейді...Жарайды, біріккен екен. Жаңа ауыл құрмақ екен. Бірақ, сіздер әлгі «Nur.kz-ке» шыққан казактардың суретін көрдіңіз бе?

Әскери киімі өз алдына, олар әлдеқашан құрып біткен Ресей империясының туымен суретке түсіпті (төменде суретте). 

Безымянный

Ақ, сары, қара түсті бұл жалау әлдеқашан құрыған Ресей империясының туы. Бұл туға тіпті Ресейдің өзінде тыйым салынған деседі. Бізде бәріне рұқсат. Бейқамдық.

Империя дегеніміз не? Ол отарлаушы және қанаушы.

Бұл сурет несімен қауіпті?

Биылғы жылдың басында «Братья Славяне» деген ұйым дәл осы туды ұстап суретке түсіп, оны әрі қарай әлеуметтік желілер арқылы таратқан (төменде суретте).

 Суретті есі дұрыс емес Ермек Тайчибеков іліп алып кетіп, «орыс империясы жасасын!» деп жар салған еді.

12087563_767499973373050_1479277339_nҰҚК бұл ұйымды деструктивті деп тапқан. Міне, казактар ұстап тұрған және әлгі арандатушы ұйымның қолындағы ту – бір ту!  

Ендеше сауал: әлдеқашан құрдымға кеткен Ресей империясының туын ұстауға әлгі Ульяновтағы казактарға кім рұқсат берді? Жалпы бұл тудың казактарға қандай қатысы бар? Сен қазір Қазақстанда өмір сүресің. Біздің елімізде бұл ту тұрмақ, қазіргі Ресейдің ресми туын ұстауға рұқсат етілмейді.

Интернетке кіріп: «орыстың фашистік ұйымдары» деп терсеңіз мынаған куә боласыз: бүгінде бұл ту осы фашистік ұйымдардың «ұлттық» жалауы.

 
Ресейдің 80-ге тарта қаласында 53 фашистік ұйым бар. Ресми тіркелген!

Лаврухин деген кім немесе казактар Шевцова-Валованы қолдай ма?


Енді екінші жайт. «Оңтүстік аймақтағы казактар одағы»  деген ұйым бар.  Атаманы – Лаврухин деген біреу. Бұл кім? Бұл қазақтарды жаңқаға теңеген Татьяна Шевцова-Валоваға  (ТШВ) қорғаушы жалдау үшін ақша жинаған адам.

[caption id="attachment_11986" align="alignleft" width="219"]Лавруха... Лавруха...[/caption]

ТШВ-ны қорғаған Лаврухин не дейді?

«Танюша, қорықпа! Біздің ісіміз дұрыс. Бұл Қазақстандағы орыс диаспорасының құқығын аяққа таптау» депті әлгі Шевцова екеуінің арасындағы өзара әңгімеде. Ұлт араздықты қоздырды деген Шевцова-Валованы елімізде ресми тіркелген төрағасы, былайша айтқанда атаманы қолдап отырса, ендеше қазақтарға қатысты казактардың ой-пікірі қандай екенін қазірден болжай беріңіз.

Түсінгеніміз, көпұлтты Қазақстан деген жай сөз. Көпұлтты Қазақстанда қазақты жек көретіндер көп...

 

 «Атаман» да анасын тыңдайды


6ad842be4b34349f25ff8bdf4b451891_bigМарқұм Алтынбек Сәрсенбаев 90-шы жылдары бүлік шығармақ болған казактардың «қылығын» былай деп баяндайды (Сәрсенбаевтың «Тәуелсіз елде тәуменді тұлғалар болмауы керек» кітабынан алынды).

Солтүстікте «Горькая линия» деген казактардың ұйымы шеру жасап, тәуелсіздігімізге нұқсан келтірмек болды. Сол жерге барып жұмыс жүргізуге тура келді. Солтүстік Қазақстандағы казактардың басшысы Ачкасов деген біреу екен, казактардың полковник шеніндегі әскери формасын киіп алыпты. «Атаман Ачкасов» деп кіріп келді. Түрі таныс сияқты. Қасымда отырған облыстың прокурорына: «Сіз неге мынаған шара қолданбайсыз? Неге мемлекеттік мекемеде казактардың формасымен жүреді?», – деп сұрадым.

Ачкасовқа: «киіміңді ауыстырып келмейінше, сенімен сөйлеспейміз», – дедік. Әскери киімсіз келген соң қарасам, түрі тіптен таныс. «Осы мен сені қайдан көрдім?» десем, «обком комсомолда завотдел болғам» дейді. Комсомол тарағаннан кейін, «атаман» болып кеткен екен.

19afae6a46e88acdd96388ffd237845d«Атаманмен» сөйлесу мүмкін емес, еліріп тұр. Сосын анасын шақырып алдық та: «Егер казактар шеруге шықса, біз әскери күш қолданамыз. Қақтығыс болады. Балаңыз түрмеге кетеді. Қасында жүргендердің бәрі құтылып кетеді де, сіздің балаңызға қиын болады. Өйткені бәрін ұйымдастырып жүрген сол», – деп түсіндірдік. Ана байғұстың жағдайы белгілі ғой, баласын үйіне қамап, алаңға шығармай қойды. Қалған белсенген топты да бөлшектедік.

Ел тынышталып, енді кетейік деп жатқанда, хабар жетті. Жамбылдан бір пойыз қазақтың азаматтары «Казактарды Қызылжарда талтаңдатып қоймаймыз, тойтарыс береміз» деп келе жатыр екен. Олар қалаға кірсе, әрең басылған казактар қайта көтеріледі. Сосын, Петропавлдан 100 шақырым жерде оларды тосып алуға тура келді. Дастарқан жасап, жігіттердің бәрін күтіп, «ойбай, жау кетті, енді кері қайтыңдар» деп, билет әперіп, әрең бастық. Қазір күлкілі сияқты. Ол кезде өрттің лебі сезіліп тұратын.     

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x