Қазақстаннан қашудың төрт себебі

Dalanews 14 қыр. 2015 00:27 203

Кетемін. Қайтып келмеймін. Күшім барда келер күнді ойлайын. Келешегі жоқ мемлекетте өмір сүргім келмейді. 

Қазақстаннан кетудің 4 себебін білгіңіз кеп отырған болар. Ойлансаңыз, оны өзіңіз-ақ тізіп шығасыз. Біздің себеп сіздікінен бөлектеу шығуы мүмкін. Қазақстаннан кетудің себебі өте көп өйткені.

Тілсіздік
Біз үшін түк өзгерген жоқ, негізінде. Орыс тілі – орыс тілі болып қалды. Мемлекеттік деген мəртебесі бар қазақ тілі оның орнын алмастыра алмады.  Аға ұрпақ үрім бұтағын орыс мектебіне берді. Үрім-бұтағы өз үрім-бұтағын қолынан жетектеп орыс мектебіне апарды. Ертең оның баласы да өз баласын орыс мектебіне береді деген сөз. Аға буын, орта буын, бала буын... орыс тілі осының арқасында өлмейді.
indexКейде өзімді «ақымақпын ба?» деп қаламын. Баламды қазақ мектебіне апардым. Жоқ, бұған арланбаймын. Құдай сақтасын! Тек ертең менің баламның да дəл мен сияқты айыртілді мемлекетте өмір сүретініне өкінемін. Ол да мен көрген қиындықты көреді. Мен сияқты құжатты қазақша толтыруды, менімен қазақша сөйлесуді талап етіп елге «жексұрын» болып жүреді. Иə, ол «жексұрын» болады. Себебі, мен оны солай тəрби
елеп жатырмын. Айтыңызшы сонда менің балаларым бұл өмірге осы үшін келді ме? Олар бұдан жақсы өмірге лайықты ғой? 

Жоқ, оларда мен сияқты қостілді мемлекетте өмір сүретін болады... Баласын қазақша мектепке бергендер баршылық, әрине. Орысшаға бергендер де аз емес.

Ертең олар тəрбиелеген орыстілді ұрпақ пен біздің тəрбиемізді алған қазақтілді буын бетпе бет келеді. Тағы да...Тағы да...

Балаларымның мұндай мемлекетте өмір сүргенін қаламаймын. 25 жылда түзелмеген тілдің 50 жылда түзелеріне сенбеймін.

Үмітсіздік
Теңге құнсызданды. Жанармай қымбаттады. Азық-түліктің бағасы өсті.  
Мұнай ма? Мұнай əдірем қалды. Мұнайдың арқасында биті семірген екен, біздің мемлекеттің. Қара алтынның аузына қарап отырған Қазақстан мұнай арзандағалы бері жұтқа ұшырады.  
Мемлекетім мені ақымақ деп ойлайды. Мен шынымен де ақымақпын. Мемлекетіме сенген...
Мемлекетім мені баяғыда-ақ ұмытқан. Бақытты болашаққа сенгенім үшін ұяламын қазір. 
Бұл елде тұрсам өмірдің қызығын көрмей өтерімді білем. Өлерімді... Өйткені менің мемлекетім айтатын бақытты болашақ бүгінгіден де ауыр болады. k_YY2QDhVvA

Есектің артын жусаң да мал тап дейтін күнге жақын қалдық па деп қорқам. Мемлекетіміз бізді мұндай деңгейге жеткізбеу (түсірмеу) керек еді. Бұл деңгей де емес. Бұл мемлекеттің өз халқын ұмытқанының көрінісі. Тұрпайы тілмен айтқанда саған түкіргенім бар дегені...
Иə, түкіргені бар.

Біздің биліктегі мықтылардың барлығы болмаса да біразы (жоқ, əлде барлығы ма?) Қазақстаннан баяғыда-ақ «қашып»  кеткен. Бұл жер олардың жұмыс орындары ғана. Бала-шағасы баяғыдан шетелде тұрады. Үй-жайы да бар ол жақта. Таң қалмайсыз, иə?!
Алда-жалда қара басына қара бұлт төнсе табанын жалтыратады. Жоқ, солай. Мына біз, қара халық оған талай куə болғанбыз.

Балаларымның мұндай мемлекетте өмір сүргенін қаламаймын. 25 жылда түзелмеген тұрмыстың 50 жылда түзелеріне сенбеймін.

Үйсіздік
Қазақ неге үйсіз? Əсте жалқаулығынан емес. Олай ойламаңыз. Фукуяманы оқығанымыз бар. Ойшыл. «Тарихтың ақырын» жазған. Сол айтады. «Қазіргі заманда байлық адамға ата-бабасы қалдырған мұрамен өлшенеді».

1409216055_77244_originalҚазақтан басқалардың барлығында «мұра» бар. Атадан балаға қалып келе жатқан мұра. Ол оларға өмір бойы азық. Ол – үй. Ең басты байлық, бүгінде. Осы байлық болғанда ғана өзге дүниенің басы құралады екен. Тиісінше құралмаса осы байлықтың болмағандығынан. 
Үйлі, үй алған қазақтар көп əрине. Оларға қуаныштымыз. Бірақ бəрі бірде қазақ үйсіз. Көп жағдайда солай. 
Біздің өз ұрпағымызға қалдырар «мұрамыз» жоқ, өкініштісі. Бір кезгі жүйе қазақтан басқалардың барлығына осы «мұраны» сыйлап кетті. Олар осы «мұраның» жемісін жеп отыр, бүгінде. Олардың «мұрты қисаймайтыны» осыдан. Олардың «мұрасын» біз паналап отырмыз өйткені.

 

Тəуменділік
Немесе демократиясыздық. Мемлекетіміз былай дейді:

 «Біз Шығыс халқымыз. Батыстың ой-пайымдары біздің түсінікпен үйлесе бермейді».

3c7dcd88c6Солай шығар, бəлкім. Бірақ мұнымен не дегісі келеді мемлекеттің? 
Қазақстанға демократияның келуі неғайбыл. Шығыс халқы, анық айтқанда, азиат болғанымыздан демократияға икемсізбіз дегені ме? Мұндай бұрмаланған идеологияны мемлекет қайдан ойлап тапқан?  Мұндай тұрпайы тұжырымның астарында не жатыр? Біз сонда қандай мемлекет құрмақпыз? Жалпы қазақ деген сөздің өзі демократия ұғымының баламасы емес пе еді? Əсте, азиат емеспіз, анығы. Мұны мемлекетіміз өзі ойдан шығарып алған...Халықтың санасына құйып келеді соны. 
«Азиаттық» атты ерекше жолымыз бар енді. Мемлекетіміздің даму жолы, елдің болашағы, балалардың келешегі осы жол. Қорқынышты.

Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтың пікірі, жазып алған


Думан БЫҚАЙ



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x