Саяси партиялар сайқымазаққа айналды...

Dalanews 17 мам. 2015 12:10 203

Белгілі журналист Қасым Аманжол мен саясаттанушы Айдос Сарым «Таң» телеарнасының «Qazaqnews. Апта» бағдарламасында әзіргі күннің өзекті сауалдарын ортаға салыпты.




Сайлаудан соң нендей өзгеріс болады? Билік пен ұлтшылдардың бірігуі мүмкін бе? Қазақ оппозициясы қашан құрылады?




Сұхбаттан осы және өзге де сауалдарға жауап ала аласыздар оқырман қауым. 

11205116_837015286378315_3479096081414478088_n

Қасым АМАНЖОЛ: Сайлау өтті. Сайлаудан кейінгі биліктің саясатында өзгеріс бола ма? Өз басыңыз не күтесіз?

Айдос САРЫМ: Болуы тиіс деп санаймын. Ел ішіндегі, елге қатер төндіріп тұрған мәселелерді алатын болсақ өзгеріссіз еліміздің тәуелсіздігін, еліміздің болашағын баянды ете алмаймыз. Елбасы Конституциялық реформа туралы айтты.  Соның ішінде «мемлекеттік құрылым мен оны әрі қарай дамытатын азаматтық қоғамға аз да болса жан бітіретін, жаңа бағыт беретін реформалар жасаймыз және сол бойынша тиісті мемлекеттік комиссия құрамыз» деді.

Алдағы бір жылдың ішінде, бәлкім осы жылдың аяғы болуы мүмкін немесе келесі жылдың басында Парламент сайлауының болатыны сөзсіз. Оған қандай дайындықпен, қандай қадаммен барамыз деген мәселе бар.

Осы 23-24 жылдың ішінде азаматтық қоғам, партиялық құрылым дегеннің бәрін сайқымазаққа айналдырып жібердік. Ендеше ең бірінші қадам осы екі үлкен ұғымға – жаңа мән және жаңа мағына беру. Саяси сахнаға жаңа ойыншылар жаңа саясаткерлер келетін жаңа үрдіс керек сияқты. Оның алғышарты болатын сайлау және партиялар туралы заңнама өзгеруі тиіс.

Қасым АМАНЖОЛ: Бұған үміттенетін себеп бар ма?

Айдос САРЫМ: Басты мәселе бүгінгі биліктің көңілінен бұрын қоғамның ішінде осындай сұраныс тудыру.  Ерте ме, кеш пе бұл сұраныс нақты саяси ұранға, саяси талапқа айналады.

10516827_749846101767303_7800952406231033997_nҚасым АМАНЖОЛ:  Яғни, бұл жолғы халықтың 95 пайызы қатысса да, Назарбаевқа 97 пайыз дауыс берсе де өзгеріске ұмтылатын қоғам бар деп есептейсіз ғой?

  Айдос САРЫМ: 23-24 жыл бойы саясатта тек бір ғана қоғамдық-мемлекеттік институтты күшейтіп келдік. Ендігі жерде Президент саясатқа, тарихқа жұмыс істейтін болса ұрпақ алдындағы, ел алдындағы борышын дұрыс түсінген болса, онда бір жағынан азаматтық қоғамға, екінші жағынан саясатқа, саяси партияларға негізделетін саяси жүйені қалыптастыруы керек. Бұл бәрібір ерте ме, кеш пе келеді.

Қасым АМАНЖОЛ: Президент сайлауларына шолу жасасақ, 1999 жылы Серікболсын Әбділдин түсті. 2005 жылы Жармахан Тұяқбай бақ сынады. 2011 және  2015 жылы белгісіз адамдар түсті. Әрине, Назарбаевтан басқа... Жалпы бұған дейінгі саяси бәсеке әжептәуір деңгейде еді. Ал осы жолғы сайлауда саяси бәсеке тіпті төмен дәрежеде болды. Саяси белсенділік өте төмен деңгейінде тұрғанда қоғамнан қандай да бір өзгерісті күту мүмкін бе?

Айдос САРЫМ: Бұл екі керағар үрдістің бір-біріне жасаған ықпалы. Бірі биліктің осы жылдар бойы саяси оппозицияны тұншықтыру саясатынан туындаған әңгіме. Екіншіден, саяси партия, саяси таптың өзі құлдырап кетті. Осы екі үрдіс қатарынан жүрді. Өзбекті алайық, жақсы болсын, жаман болсын бар партиялар өз кандидатын ұсынды. Бізде керісінше үрдіс болды.

Қасым АМАНЖОЛ: Бізде тіпті өз кандидатын ұсынғысы да келген жоқ. Бұл ненің белгісі?

Айдос САРЫМ: Саяси таптың құлдырғанының көрінісі. Елдегі саяси менеджменттің, оның талап-тілегінің, саяси мәдениетінің төмендеуі.

Қасым АМАНЖОЛ: Ал мұның салдары қандай болады?

Айдос САРЫМ:  Бұл осы кезге дейін қалыптасқан саяси-партиялық жүйенің, әзіргі партиялардың саяси сахнадан кетуінің алдында тұрғанының белгісі.

Қасым АМАНЖОЛ: Яғни, қазіргі партиялардың барлығы тарих қойнауына сіңеді деген сөз бе?

сарымАйдос САРЫМ: Бұған дейінгі партиялардың барлығы тарихқа кетуі тиіс. Бірақ бұлардың орнына не келеді? Бұл жерде тағы да ыңғайсыз таңдаудың алдында тұрмыз. Я, бүгінгі билік өзі бастап саяси реформалардың жолын ашады, жаңа саяси партияларды тіркеуге мүмкіндік береді, я, оның орнына ИШИМ сияқты шеттен шыққан мемлекетке халыққа қауіп төндіретін күштер келеді. Егер билік қоғамның өз әрекеті, ақыл-ойы, құндылығы бойынша бірігуіне, әрекет етуіне, саясатқа араласуына қазір мүмкіндік ашпаса ертең кеш болады. Бұдан, қоғам ішіндегі белсендінің саны азайып қалмайды. Ол белсенділік басқа бағытқа ауысып кетеді.

Қасым АМАНЖОЛ: Назарбаев өзінің ұлықтау рәсімінде «Қазақстанға сырттан төнуі мүмкін бес түрлі қауіп бар» деді. «Орталық Азия қайтадан әлемдік бөлініске түсуі мүмкін» деген пікір айтты. Бөлініске себепкер болуы мүмкін ИШИМ сияқты күштерді меңзеп отыр ғой? Ал дәл осы жағдай Қазақстанда қаншалықты ушығып тұр?

Айдос САРЫМ: Еліміздің ішіндегі әлеуметтік теңсіздік. Азаматтардың өз ойын, өз арман мұратын жеткізуге қабілетінің және оған жол ашатын институттардың жоқтығы.  Бүгінгі күні әлеуметтанушылар апатия, афсентизм, депрессия деген сөздерді көп айтып кетті.
Соңғы кезде университеттен гөрі мектептегі кездесуге баруды жөн санап жүрмін. Керемет буын өсіп келеді. Жанары жанып тұр.  Көзі ашық, елім, жерім дейтін шыншыл. Жанында директор, мұғалімдер отырса да өр мінезді сұрақтар қояды. Біздің үлкен саяси институттарды басқарып отырған кейбір тұлғалар қоя алмайтын сауалды қоятын буын өсіп келеді. Шындап келгенде біздің басты жұмыс осы өсіп келе жатқан буынның алдына жол болып төселу.

Қасым АМАНЖОЛ: 2010-2011 жылы мұндай діни радикалды ұйымдар болды. Оларды билік басып жаншыды. Соңғы жылдары тынышталып қалған сияқты.

Айдос САРЫМ: Тынышталған жоқ. Астыртын жұмысқа кетті. Екіншіден тақия кию деген әңгіме бар. Яғни, сырт келбетін, сөзін сәл өзгертіп билікті қолдағандай болып мимикри жасап жүр. Біразы түрмеге түсті. Бірақ өзінің ұстанымынан бас тартқан жоқ. Керісінше, өз жақтастарын түрмеден жинап жүр.

Қоғамның өзі оянбай, билік ақылына кірмей ештеңе өзгермейді. Тұрақтылық дейміз. Бірақ оның да сапасы болады. 97-98 пайыз негізгі үлкен қауіп. Мысалға, сіз 60-70 пайыз қолдауға ие болсаңыз, «қалған 30 пайыз не істеп жатыр, қандай ойда жүр, қандай арман-мұраты бар» деп ойланасыз, амалсыз. Әлемдік саясат, әлемдік демократия осы 30-40 пайыздың арқасында алға жылжып отырады. Ал біздегі жағдай...97 пайыз. Бұл бәрі керемет дегенді білдірмейді. 97 пайыз сынғалы тұрған мұз сияқты. Көңіл-күйге қарай былай да, алай да өзгере салады.

Билігі 96,97,98 пайыз жинаған авторитарлы елдердің тарихына куәміз. Олар өзін «мықтымыз» деп ойлады. «Қоғам уысымыздан шықпайды» деп отырғанда жүйенің бір-ақ күнде тас-талқаны шықты.

Қасым АМАНЖОЛ: Ұлтшыл патриоттардың әл-ауқатын, қоғамдағы ықпалын қалай сипаттар едіңіз?

Айдос САРЫМ: Бұл үлкен топ. Ал елім, тәуелсіздік дейтіндердің қатары күн санап өсіп келеді. Бір қызық айтайын.

Соңғы кезде университеттен гөрі мектептегі кездесуге баруды жөн санап жүрмін. Керемет буын өсіп келеді. Жанары жанып тұр.  Көзі ашық, елім, жерім дейтін шыншыл. Жанында директор, мұғалімдер отырса да өр мінезді сұрақтар қояды. Біздің үлкен саяси институттарды басқарып отырған кейбір тұлғалар қоя алмайтын сауалды қоятын буын өсіп келеді. Шындап келгенде біздің басты жұмыс осы өсіп келе жатқан буынның алдына жол болып төселу.

Қасым АМАНЖОЛ: Сыртқы факторлар, оның ішінде  Украинадағы оқиғалар  билік пен ұлтшыл-патриоттардың ортасын жақындата алды ма?

Айдос САРЫМ: Билік бір нәрсені түсінген сияқты. Осы кезге дейін басқарушы саяси таптың ішінде  «әлем өртеніп кетсе де Ресей біздің жағымызда. Ресей бізге қолғабыс етеді. Ресей бізді алып қалады, қорғап қалады» деген априорлы ұстаным болды. Қазір сол сенім жойылғандай. Оған селкеу түскен сияқты.

Бұл жолдың басы ғана. Өйткені күдік түсті...енді ойлану басталды.  Кезінде жасалған келісімшарттардың бәрі қағаз екен. Қоғамның ішінде жақсы талқылар басталып жатыр. Мұның түбі бір үлкен бағытқа, жаңа ізденіске ұласады.

Қасым АМАНЖОЛ: Өзіңіз айтып отырған таптың  мойнына алған міндеті, Ресеймен біргеміз деген уәдесі бар... Билік сол бағытта кеткендей ме? Жүріп бара жатқан эшелонның жылдамдығын бәсеңдету үшін ел ішіндегі патриоттық топтар биліктің шамына тимей, өз мүддесіне жетуіне қандай әрекеттер керек?
Сайлау кезінде ешкім басын қатырған жоқ. Бұл сайлаудың бұдан бұрынғыдан ерекшелігі сыртқы және ішкі қысым жоқ кезде өткізілді. Ең алғаш рет сайлауға түскенде Назарбаев 98 пайыз дауыс жинаған. Соған айналып келді. Осыдан кейін ешбір президентіміз ешқашан да 97-98 пайыз алмауы керек сияқты. Бізге сондай мәдениетті қалыптастыру керек. Ол өте кіршіксіз, керемет адам болса да 60-70 пайыздан аспауы керек.

Айдос САРЫМ: Билік идеялық тұрғыдан үлкен дағдарыста. Көптеген лепірме, көпірме сөздерге қоғамның иланып жатқаны шамалы. Ең басты: «біз қай елде өмір сүріп жатырмыз және қай елде өмір сүруіміз керек?» деген сұраққа әлі жауап жоқ. Украина, Грузина жауап берген де шығар. Анықтап алды. Егер біз өзіміз анықтамасақ, оны сырттан келіп біреу бізге анықтап береді.

Егер билік қазақ оппозициясын жасағысы келмесе Ресей осындағы орыс оппозициясын өз қолымен құрады. Біздің қазақ ұлтшылдары үлкен жауапкершілік танытуы керек сияқты. Сөзбен де, іспен де билікке жаңа тың идея ұсыну керек. Ол тек тілдің мәселесімен, георги таспасымен анықталмайды.

Сайлаудың нәтижесінде бір нәрсеге көз жеткіздік. Билік ұсынған ақпарат қоғамдық өмірде әлеуметтік желіде аса көп көрініс тапқан жоқ. Қоғамды басқа мәселелер мазалады. Бүгінгі  билікті халықтың 97-100 пайызы қолдады десек те, қоғамның ішкі талап-тілегі, арман мұраты кішкене болса да басқа жақта жатыр. Және қарапайым халықтың өміріне өте жақын тұрғыда жатыр.

Сайлау кезінде ешкім басын қатырған жоқ. Бұл сайлаудың бұдан бұрынғыдан ерекшелігі сыртқы және ішкі қысым жоқ кезде өткізілді. Ең алғаш рет сайлауға түскенде Назарбаев 98 пайыз дауыс жинаған. Соған айналып келді. Осыдан кейін ешбір президентіміз ешқашан да 97-98 пайыз алмауы керек сияқты. Бізге сондай мәдениетті қалыптастыру керек. Ол өте кіршіксіз, керемет адам болса да 60-70 пайыздан аспауы керек.

Бүгінгі күні виртуалды өмір қоғамға жақын болып кетті, ал шын мәнінде қоғамға жақын болатын әңгімелер виртуалдыға айналды. Қолдау да, дауыс беру де виртуалды... Ендігі басты міндет – шынайы өмірді шынайы қылу, виртуалды өмірді виртуалды қылу.

Қасым АМАНЖОЛ: Рахмет сізге!

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ 



 

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x