Өзбекстанда Сүлеймен Бақырғанидың 900 жылдық мерейтойы атылып өтілді

Dalanews 03 қаз. 2022 08:21 186

29-30 қыркүйек аралығында Өзбекстан мен Қарақалпақстанның Мойнақ және Нүкіс қалаларында сопы шейх, уағызшы және ортағасырлық ойшыл Сүлеймен Бақырғанидің туғанына 900 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мереке аясында Мойнақ өңірінде «Арал балықтарынан 99 тағам түрі» атты гастрономиялық фестиваль ұйымдастырылды. Фестиваль Өзбекстанның бүкіл аумағында, соның ішінде Қарақалпақстанның Мойнақ өңірінде гастрономиялық туризм әлеуетін кеңінен насихаттау, өңірдегі мәдени-ойын-сауық іс-шараларының санын көбейту мен осы аймаққа келетін жергілікті және шетелдік туристер санын одан әрі арттыру мақсатында өткізілді.

Одан кейін фестиваль қонақтары Мойнақ өңіріндегі Сүлеймен Бақырғанидың зиратында болды.

Мерекелік шараларды Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігі Қарақалпақ гуманитарлық ғылыми-зерттеу институты және Қарақалпақ мемлекеттік университетінің көмегімен ұйымдастырды.

30 қыркүйекте Нүкіс қаласында Хәкім ата (Сүлеймен Бақырғани) дәуіріндегі түркі халықтарының мәдени мұрасына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті.

Конференция Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёевтің 2022 жылдың 23-24 ақпанында Қарақалпақстан Республикасына сапары барысында берілген тапсырма негізінде өткізілді.


Конференция барысында талқыланған мәселелер:

-        Хәкім ата (Сүлеймен Бақырғани) дәуіріндегі түркі халықтарының мәдени мұрасы;

-        Хәкім ата (Сүлеймен Бақырғани) және түркі халықтарының әдеби мұрасы;

-        ұлттық құндылықтарды, өткеннің әдеби мұрасын жаңғырту, ата-бабамыздың бай мәдени-рухани дәстүрін терең зерделеуге көңіл бөлуді арттыру;

-        туризм және мәдени мұра объектілерін сақтау мәселелері;

-        Өзбекстанға шетелдік туристерді тарту, көрікті жерлермен таныстыру, тарихи ескерткіштер мен тарихи орындар туралы түсіндіру;

-        қазіргі жаһандану және Дүниежүзілік интеграция жағдайында ұлттық мәдени мұраның маңыздылығы.

Халықаралық ғылыми конференцияға ҚҚДИ КеАҚ ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Е.И.Медеубаев қатысты, «IX-XII ғғ. Орталық Азиядағы тарихи факторлар және интеллектуалды Ренессанс» тақырыбында баяндама жасады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x