Жазушы: «Бальзактың деңгейіндегі жазушымын, мен өз бағамды білемін»

Dalanews 11 мау. 2019 10:15 259

Қазақ жазушыларына қаламақы төлемеу Тәуелсіздіктің алғашқы жылында-ақ шешілген болатын... 1991 жылы – сол кездегі билік өкілдері Алматыда жазушылармен кездескенде: «Америкада жазушылардың барлығы миллиардер, миллионер, олар өз і кітаптарын саудалап, байып жатыр. Сендер неге Үкіметке кол жая бересіндер? Қол жаймандар, сендер де байыңдар» деген болатьш.

Америкада 300 миллион халық тұрады, оның бәрі бір тілде сөйлейді. Егер бір америкалық жазушы өз кітабын миллион данамен шығарса да оны өткізу қиын емес. Тіпті, әр данасын бір доллардан сатса бітті, ол бірден миллионер болып шыға келеді.

Ал, қазақ жазушысы Кеңес кезіндегі есеп-қисапқа үйренген, өлең жазса, ^ жолымен, көркем шығарма жазса, шартты баспатабағымен санайды.

Кезінде Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Әзілхан Нұршайықовтар қаламақыны күреп алып, ең бай адамдардың санатында шалқып өмір сүрді.

Мен қазір министрліктің тапсырмасы бойынша, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жеті томдығын жасап жатырмын. Әбеңмен келісім жасау үшін арада қандай әңгіме болды десеңізші.

Ол кісі: «Мен кезінде миллионер болғам, «Қан мен терім» 36 тілге аударылған, соның ақшасының астында қалғам. Енді маған жеті томдығым үшін 100 мың доллар бер, сонда ғана келісімге қол қоямын. Кезінде Луи Арагон мені Бальзакпен салыстырған, Бальзактың деңгейіндегі жазушымын, мен өз бағамды білемін» дейді.

Содан мен ол кісіге: «Аға, сіз сол «Қан мен терді» жазып болған жылы ұйықтап кетіпсіз, ұйықтағанда қатты ұйқыға кетіпсіз, сол ұйқыдан ояныңыз... Қазір ешкімнің кітабына қаламақы төленбейді. Қаламгерлер өз кітабын өзі шығарып, өзі сатады.

Баяғы Қадағаң мен Тұмағаңның кезіндегідей 40-50 мьң данамен кітап шығаратын дәуір келмеске кетті. Қазір жазушы баспаға ақша төлейді, сол үшін сіз 100 мың долларды маған 1 беріңіз» дедім кейіп.

Әбекең қазіргі жағдайды білмейді, білгісі де келмейді. Бәрі баяғыдай деп ойлайды. Меніңше, мына заманда қолына қалам ұстап, әдебиетке адал кызмет етіп жүргендерге ескерткіш қою керек. Олар тегін еңбек етіп жүр...

Темірғали КӨПБАЕВ, «Қазығұрт» баспасының директоры

Мақала «Қазақ әдебиеті» газетінен алынды

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x