Ж.Түймебаев: "Ордабасы қазақтың руx мекені"

Dalanews 09 қар. 2017 14:00 211

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытын жүзеге асыру аясында 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, аталған жобалардың аясында Ордабасы тауында да ескерткіш орнатып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Осыған байланысты өңір басшысы Ордабасыға арнайы барып, тиісті сала жетекшілерімен жаңа жобаның нобайын талқылады. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, өз ойын ортаға салды.



– Ордабасы тауы – халық келіп рухани тынығатын, рух жинайтын, ойын тазартатын орын болуы керек. Салуға тиісті ескерткіштің  де еңселі болуы тиіс. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы амфитеатр болуы тиіс. Келуші туристерге де жағдай жасап, арнайы естелік сыйлықтар сататын дүкендер ашу керек. Болашақта халықтың мұнда кең даланы тамашалап, таза ауамен тыныстап, демалып қайтқаны дұрыс болар еді. Халқымыздың жаратылысында кең дала ерекше маңызға ие екендігін білесіздер. Сондықтан да осындай далаға және биіктікке шыққанда жанымыз айрықшы жігерленіп, руxтанып кетеді. Бұл ұлтымыздың ерекшелеу болмысын қайта түлету үшін қасиетті Ордабасы тауын осындай руx алатын орынға айналдырғанымыз абзал болар еді, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Көпке мәлім Ордабасы – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейін қазақ халқы қайта еңсесін тіктеп, жауға қарсы аттанған жері. Ордабасыдағы Бірліктөбе 18-ғасырда үш бидің бастамасымен үш жүздің басы қосылып, жоңғар шапқыншыларына қарсы күш біріктіруге үндеген жер.

[caption id="attachment_32032" align="aligncenter" width="1280"] Самат Мырзалиевтың фотосы[/caption]

Сондай-ақ, облыс әкімі 1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ордабасыда түркі тілдес үш елдің басшыларының басын қосқанын айтты. Айта кетерлігі, алдағы жылы бұл датаға 25 жыл толады.  Бұдан бөлек, өңір басшысы 1 мың гектар аумақты алып жатқан қастерлі жердің кіре берісіне жол мен демалыс орындары, дәмханалар салынатынын атап өтті. Сонымен қатар, тиісті басқарма басшыларына аталған жобалар 2018 жылы толық аяқталуы қажеттігін тапсырды.



ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x