Жоғалтудан жоғалтуға дейін

Dalanews 02 желт. 2015 05:23 241

 «Жел әуеніне құлақ сал».


Харуки Мураками.


– Қалай болса солай сұрауға бола ма?

– Болады, маған бәрібір.

– Сен ендігі өліп қалғансың ба?..        

Мен ендігі өлгенмін..

– Иә, – деді Көртышқан(Крыса) ақырын ғана, – Мен ендігі өліп қалғанмын.("Көртішқан" триллогиясынан)


- Сіз өзіңіз жазып жүрген жанрды қалай атайсыз?


- Мен оны қалжыңдап «суси-нуар» деп атаймын.


( Дмитрий Каваленин мен Харуки Муракамидің әңгімесінен)




[caption id="attachment_12605" align="alignleft" width="131"]Дмитрий КАВАЛЕНИН Ресейлік жазушы, Муракамитанушы[/caption]

Дмитрий КАВАЛЕНИН, «Суси-нуар» Муракамитану кітабынан үзінділер

Танымал, ресейлік ақпараттық сервер, ғаламтор желісіндегі «А-дан Я-ға дейінгі Жапония»(Япония от А до Я) энциклопедиясының «М» бөлігін ашып оқысақ былай анықтама беріпті:

Мураками Харукидің әдебиетші ретінде қалыптасуына басқа әдебиетші,қазіргі күні ұмытылған, анасының қайтыс болғанын естіп, өз өзіне қол жұмсаған америкалық жазушы Дерек Хартфильдтің(1909-1938) ықпалы болған.

Бұған не айтамыз? Кезекті әдеби арандату өз дегеніне жетті. Осыдан кейін энциклопедияның маңыздылығын басты құрал санайтын кейбіреулердің Воннегуеттің прозасына Килгора Трауттың үлкен ықпалы болғандығына немесе Мисиманың орыс тіліне аударылуына із кесуші Фандориннің ықпалы болғанына еш таңданбасымыз анық.

Ғаламтордағы, қағаздардағы үздіксіз ізденістен және Вадим Смоленскийден кейін «Жел әуеніне құлақ сал»(«Слушай песню ветра») повестінің кейіпкері табынатын Хартфильдтің шығармашылығы сол «Жел әуеніне құлақ сал» атты повесттен басқа еш жерде кездеспейтініне сенуіме тура келді.

Жалпы, Мураками үшін пікір айтудан аулақпын, бірақ сол повесттің басты кейіпкеріне америкалық жазушы Дерек Хартфильдтің өмірі мен шығармашылығы қатты әсер еткені анық. Хартфильдсіз ол кейіпкер Көртышқанмен (Крыса) ұзақ әңгімелерге шыдай алмайтын да еді. Бітпейтін, табанды, тіпті ақылға сыйымсыз, кей жерлерде логикалық ойлардан асып кететін, бір бокал сыраның әңгімесі болса да.

Сондықтан да, Муракамидің тырнақалды повестінің ерекшелігі нақты тепе-теңділікке құралған. Нигилист Көртышқанның кез келген нормаларды, сонымен қатар моральдік нормаларды да жоққа шығарып отыруы, - ал кейіпкердің сол Көртышқанның нигилизмін жоққа шығаруы повесттің басты тепе-теңдікке құрылғанын нақты көрсетеді-мыс. Дегенмен, екі жақтың да осы жағдайға байланысты аргументтері бірдей мөлшерге бөлінген. Мойындау мен жоққа шығару. Екеуінің басында да бірдей жағдай болғанымен, оған деген көзқарас екеуінде де нақты диаметриалды қарама қайшы. Екеуінің арасындағы сөз талас әр адамның бейсаналық деңгейдегі өз өзімен арпалысуын көрсететін секілді. Және әр қайсысымызда ол әр түрлі деңгейде шешіледі.

***

[caption id="attachment_12606" align="alignright" width="192"]Харуки Харукидің бозбала шағы[/caption]

«Жел әуеніне құлақ сал» повестінің басы, аса көзге түсе қоймайтын, бірақ тексеруге өте қызық, бір сөйлемнен тұратын тараумен басталады.

Бұл оқиға 1970 жылдың 8 тамызында басталып, 18 күннен кейін аяқталды, яғни, сол жылдың 26 тамызында.

Сонымен, оқиға толық он тоғыз күннің ішінде болады деп сендіреді бізді кейіпкер-әңгімеші (ескертемін: автор емес, кейіпкер-әңгімеші).

Ал енді санап көріңіз. Он тоғыз күннің ішіне, қанша созсаңыз да, бұл оқиғаны сыйғызу тіпті де мүмкін емес.

Енді еске түсірейік. Кейіпкер, 1970 жылы, университеттің соңғы курсын тәмамдап, жазда өзінің қаласында көше кезіп, көп қыдырады. Сол аралықта «қызық адам» Көртышқан атты жігітпен және бір саусағы жоқ қызбен танысады да, күтпеген жерден радио арқылы «Бич Бойз» әнін радио арқылы өзінің бұрынғы, жартылай ұмытылған сыныптас қызынан сыйлыққа алады.

«Бүгін сенбі!», - дейді радио желісінен ықылық атқан диджей. Ал енді санаймыз. Сол диджей повесттің соңында тағы шығады. «Тағы да сенбілік кеш!», - дейді ол. Ал осы жерде түсініспеушілік. Себебі, 8-і мен 26-шы тамыз арасында тек екі сенбі болуы мүмкін (15 мен 22, бірақ еш 26 емес). Сонымен бұл «оқиға» қашан басталып, қашан бітті? Радиостанциядан кейіпкерге футболка «үш күннен» кейін келеді. Келесі күні бір саусағы жоқ қыздан ол үш күйтабақ сатып алады. Ол қыз өз кезегінде оның нөмірін «бір апта» таба алмай жүргенін айтады. Сонымен бұл «оқиға» диджейдің алғашқы пайда болуынан үш күн бұрын басталған. Яғни, 5-ші тамызда емес пе? Нақтырақ айтсақ, оқиға 18 күн емес үш апта ішінде болған.

Ары қарай тіпті шым-шытырық. Бір күйтабақты Kөртышқанға туған күніне бір ай қалған уақытта сыйға тартады. Шындығы, Джейдің барында. «Бір аптадан» кейін бір саусағы жоқ қыз телефон арқылы хабарласады да, сол барда кейіпкермен кездеседі(нөмірін алу үшін Джейге хабараласады. Ал оған оның «бір апта» бойы келмегенін, ауырып қалды ма деп уайымдап отырғанын айтады). Келесі күні сол қыз кейіпкерді өз үйіне шақырады да, «бір аптаға» қаладан кететінін айтады.

Сол келесі «апта» бойы Көртышқан құлазып жүреді. Сонымен қатар ол кейіпкерге бір әйелмен кездесуін сұрап, кейін ол ойынан айнып қалады («Құрбың қайда? – Ешқандай да құрбы болмайды. – Қалай болмайды? – Солай болмайды.»). Сол уақытта Джей Көртышқанның құлазуына алаңдайды. Дәл сол аптада Көртышқан кейіпкермен «Өзгертуге келмейтін нәрсе» туралы ашық әңгімелеседі. Содан кейін повесттен Көртышқан жоғалады.

Бір апта өткеннен кейін бір саусағы жоқ қыз «оралады». Ол өзінің ешқайда да бармағанын айтады. Бір апта ішінде оның жүзінде «үш жыл жас қосқан» секілді қартаюшылық көрінеді (аборт). «Сен қашан Токиоға ораласың?», -дейді қыз. «Келесі аптада» деп жауап береді кейіпкер. Егер ӨТЕ мұқият санасаңыз бұл әңгіме 27 тамыз күні болады. «Келесі апта» жексенбі, 30 тамызда басталады( Жапонияда апта жексенбі күні басталады, дүйсенбіден емес). Бірақ кейіпкер 26 тамыз, сәрсенбі күні кетеді ( «Бардың керегесіндегі күнтізбе 26 тамызды нақтылап тұрғандай.»). Оқиғаға дейінгі ҮШ күнді және одан кейінгі ТӨРТ күнді қосыңыз. Бірден ЖЕТІ күн қайда кетіп қалды?

Бұл қандай былық? Әлде, қателік пе? Тіпті, бастаушы, «Гундзо» әдеби дебюті үшін берілетін сыйлықтың иегері бола тұра ма?

Әлде бұл жерде басқа да қитұрқылық бар ма?

Егер бұл жерде қателікті жоқ деп есептесеңіз, ең қызық дүниелер басталады. Ал кеттік. «Жапон жануарлар әлемінің үлкен энциклопедиясын» ашамыз. «Тышқандар мен көртышқандар» тарауын табамыз да, оқимыз:

Тышқандар(көртышқандар)- жер астында өмір сүретін жануарлар. Және көне Индия мен Египетте өлімнің символы. Еуропа елдерінде денесінен ажыратылған жанды көртышқанның кейпіне енеді деп есептеген. Ал вирус тасымалдаушы көртышқандарды, туылу кезінде өлген және түсік тастаудың салдарынан туылмай қалған сәбилерге теліген...

Тағы сол сияқты, көп мөлшерде тышқандар мен көртышқан кейпінде денесінен ажыраған жандардың (көбіне сәбилер) өлімнен кейін де осы өмірде тіршілігін жалғастыратыны кездеседі.

Басқаша айтатын болсақ, Көртышқан қайта өмірге келу мен өлімнің символы. Тіпті оның повесттің басынан бері өлі кейіпте болғанын аңғаруға болады. Ал негізгі повесть – ол кейіпкердің осы өмірдегі бір қыз (саусағы жоқ қыз) бен ана өмірлік Көртышқан арасында тоқталған бір жаздың оқиғасы.

Егер осының бәрін негізге алатын болсақ, уақыт аралығындағы былық өз орнына келеді де қалады. 12 күні (осы өмірдің) кейіпкер күйтабақ сататын дүкенге барады да, саусағы жоқ қыздың бір апта бойы кейіпкердің өзіне еш жамандық істемегеніне сенбегенін айтып, оны бір апта өткеннен кейін бірақ мойындайды. 7 күн бойы ол қыз оның өмірінде мүлде болмаған. 12-сі күні барға барады да, ол жерде кейіпкерді ешкім бір апта бойы көрмегенін біледі. Бір апта ол қыз оның өмірінде мүлдем өмір сүрмеген. Сол апта бойы Көртышқан құлазып жүрді. Біз сол өлі аптаны сызып тастаған бойда бәрі өз орнына келеді. Яғни, негізгі оқиға 8-і мен 26-ы аралығында өткен. Осы апта бойы және келесі триллогия барысында Джейдің бары екі өмір арасындағы тонельдің жұмысын атқарады. Және дәл осы жерде бір саусағы жоқ қызға кейіпкердің нөмірін оның досы(«Бойы ұзын, өзеше, біртүрлі») бергені де кездейсоқтық емес. Көртышқан. Мольерді оқып отырған елес.

Солай.

***

Мен блокнотымды аштым да, оны дәл ортасынан екіге бөлетіндей етіп түзу сызық сыздым. Бір жағына мен өзімнің неге жеткенімді, екінші жаққа нені жоғалтқанымды, таптағанымды, басқа нәрсе үшін құрбанға шалғанымды жаздым. Мен ұзақ жаздым. Жаза бердім, жаза бердім... Бірақ тізім бітететін емес...


Харуки Мураками.


 Қалағандықтан ба әлде өзге ме, бірақ автор осы үрдіспенен өз әдебиетіне жол ашады. Және бізге оны қалай оқу керек екені жайлы бірді-екілі кілтсөзбенен жеткізгісі келетін сияқты. Қағаз бетіне сызылған сызық – басқа емес екі әлем арасындағы шекара секілді. Осы өмір мен ана әлем. Әйткенмен,оның қайсысы осы өмір, қайсысы басқа әлем екені, әсіресе, кейінгі романдарынан анықтау оңай іс емес. ( Реалдылық үздіксіз ирреалдылықты жұтумен болады, және керісінше. Және алмакезек олар материя мен біздің өмірдегі оқиғаларды айналдырумен болады). Ал сол шекара (сызық) повестті негізгі екі бөлімге нақтылап береді және оқырманның басындағы екі параллель әлемге апаратын екі бөлікті ажыратып алады. Күн мен түнге, ақ пен қараға, жарық пен түнек, жаңбыр мен қар т.с.с. Романдарын қайта оқып шығыңыз!

[caption id="attachment_12607" align="alignright" width="158"]Мура Мысықты ұнататын Мураками[/caption]

Кейіпкерге жақын, қымбат дүниелердің барлығы толастайды. Таусылады, өледі, ана өмірге көшеді. Автор мен оның кейіпкерінің бұл повесттегі басты сұрағы, мақсаты: Бұнымен қалай қатынасу керек? Қалай өмір сүру керек? Қалай ұғынысу, түсінісу керек?

Ең басты байланысу құралы ретінде, Мураками ортаға делдал-медуимдарды қосады. Олар адам, бір құрал, зат немесе көбіне өнер туындысы (кітап, музыка). Немесе ана өмірмен қарым-қатынас жасап және сол жақтан осы өмірде қалуына көмек бола алатын хабар алуы үшін белгілі бір орындар.

***

Көртышқан соңына қарай әлде бір қайғысы шаш етектен (аборт?) әйелмен қош айтысады. Көртышқанның өзі сол жағдайдан кейін одан әрі қайғы жұтып, барған сайын суып, тіпті оның монологы әрмен қарай абстрактылы болып, реалды өмірден алыстай бастайды. Солай осы повесттің парақтарынан (осы өмірден де) түбегейлі жоғалады.

Ал басты кейіпкер жерлік, өмірлік сезімдерді әлі де сезіне алу үшін талпынады. Өмірлік сағыныштарды, жоғалтуды, өлім мен өмір жайлы өз ішінде көп талқылайды. Басқа кейіпкерлердің портреттері (Көртышқаннан басқасы) анық адами кейіпке ене бастайды. Төсекке сал болып таңылған қыздың да жағдайы дұрыстала бастайды (өмірге деген үмітін жоғалтпайды). Сонымен қатар радио диджейінің сөздері: «Мен сіздердің бәріңізді де сүйемін!».

Осы лирикалық қорытындыны повесттің негізі деп санаймыз ба? Жоқ, әлде повесттің атауына қайта келіп, оның қайдан пайда болғанын есімізге түсірейік пе?

 Автор:

Мен повесттің атауын Трумэн Капотеден алғанмын. Оның бір әңгімесі осы сөздермен аяқталады: « Ештеңені де ойлама, ештеңе де есіңе түспесін.Тек желдің қалай ән салғанын тыңдасаң болғаны.»

Ал егер шынына келетін болсақ, бұл менің жұмысымның тақырыбын роман біткеннен кейін ғана қойған алғашқы һәм соңғы кез ғана. Одан кейін мен бірінші романыма ат қойып алғанды басты міндетке айналдырдым. Солай жеңілірек жазылады.»

 ***

«Барлық байлар – оңбағандар!», - дейді Көртышқан үшінші тарауда, бірақ өзі де бай отбасынан бола тұра, - Кейде өзің қаламасаң да бай екеніңді мойындайтын кездер болады. Сол кездері бәрін тастап, қашып кеткім келеді...»

«Олай болатын болса, қашып кет», - дейді кейіпкер, орта деңгейлі отбасының өкілі.

«Адамдар бірдей болып тумайды», - деп, Көртышқанның өзі құраған әңгімесіндегі қыз, Джон Ф. Кеннедидің сөзін айтады.

31-тарауда, басты кейіпкер осыған жауап қайтарады:

«Негізінде барлығы бірдей. Өзінде бар адамдар соны жоғалтып алам ба деп, жоқ адамдар соның сол күйі табылмай кетерінен қорқады. Бәрі бірдей... Және осыны байқаған адамдар кішкене ғана талпыныс жасап, сәл мықтырақ бола алса. Бірақ мықтылар әсте жоқ...Тек мықты болып көрінгісі келетіндер ғана бар.»

Повестте кедей мен бай сөздері 6 және 16 рет жазылған (өз кезегінше). Және осы бірнеше тарауға бөлініп тасталған сөздер, Муракамидің барлық дерлік романдарында байлық пен кедейлік арасындағы пікірталас толастамайды. Ал оқырмандарға Мураками осыны тіпті де класстық бөліну туралы айтқысы келетіндіктен емес, Жапонияның 60 жылдары мен 70 жылдардағы бөліну мен айырмашылықты айтқысы келетіндіктенжазатын болар. 60 жылдардағы Жапонияда «Барлық байлар – оңбағандар!» дейтін болса, 70 жылдарда, Хартфильдтің романы желісі бойынша « Егер сізде бәрі жақсы болса, оның несі жаман?» деген лозунгке келетін секілді.

Жапония 60 жылдардағы шым-шытырықтан айырылып, үздіксіз байлыққа кенеле бастады. Еш мәнсіз студенттік көтерілістер мен антиәскери манифесттер 60 жылдары көп белең алды. Студенттерге мемклекетті қайта құру үшін өз ойын білдіруге тиым салынды. Оның орнына жастарға қаржылық, материалдық жағдай жасалынды да, көтерілетін адам да, мақсат та қалмады.

Он жыл өткеннен кейін жазылған Харукидің фамилияласы, әнші (кейін жазушы), «қышқыл» ұрпақтың өкілі, Рюдің « Жаңа музыканың ғажайып әулиелері» атты кітабынан үзінді:

«Жел әуеніне құлақ сал» повесті әскери кезеңнен кейінгі, тұңғыш «Егер сізде бәрі жақсы болса, оның несі жаман?» атты, поп-мәдениеттің басты лозунгы жариялаған алғашқы повесть. Осыған дейінгі Жапонияда жазылған барлық дерлік әдебиет мүлдем басқа психологияның идеясында болды: «Барлық байлар – оңбағандар!», міне, осымен де «Жел әуеніне құлақ сал» повестінің терең мағыналы екендігін, Жапон тарихындағы жаңа кезеңіндегі принципиялды эмоциялардың өзгеруін байқауға болады.

Бір қызығы, дәл осы Рю Мураками «үлкен қаламдасының жолын жалғастырады», содан кейін 1984 жылдың өзінде, жапон поп-мәдениетінің тарихын қазбалап жүріп, «жапон пепси ұрпақтарының» жан дүниесін ашатын тағы бір мәлімдеме жасады:

«Southern All stars» бірінші нағыз жапондық поп-топ болды. Өздерінің көшбасшылары мұны түсінбесе де, олар шынымен де тамаша топ болатын.

Бұган дейін Жапонияда поп-мәдениет мүлде бой көрсетпеді. Оны бай Америка уайымсыз халық үшін ойлап тапты. Джаз, бродвейлік мюзиклдар, поп-арт, рок-н-ролл, Голливудтық фильмдер, осының бәрі Луй Армастронгтан бастап «Жұлдызды соғысқа» дейінгі және Энди Уорхал – мен үшін поп-мәдениет.

Ал неге осы поп-мәдениет Жапонияда соншама жылдар бойы өмір сүре алмады?

Кедейліктің кесірінен. Күріштің жетіспеушілігі, тіпті соңғы дәніне дейін жеп тастадық, ата-аналары қыздарын базарға жіберді, бәрі-бәрі. Осындай жабайы әлемде өмір сүріп жатып, «Love me Tender»мен «A Day in the life»-ты тыңдау үшін мүмкіндігің де, көңіл-күйің де болмайды.

Тамағың кеуіп кетті – бірден сыра ішесің.

Жаныңда қыз жатыр ма – тіпті керемет.

Бутиктегі керемет фасон – бірден сатып алдың.

Бұл қарапайым үш эмоция поп-мәдениеттің негізгі үш қағидасы дерсің. Себебі, бұлар адамның өміріндегі қайғыру менен «Менің өмірімнің нендей мағынасы бар?» немесе «Мен кіммін және не істеп жүрмін?» секілді сұрақтарға қарағанда маңыздырақ рөл атқарады.

Осымен де поп-мәдениеттің қазіргі мықтылығы көрінеді. Осындай тауарлар қашан да сұранысқа ие болған.

Мен Харуки Муракамидің прозасын «поп» деуден аулақпын (дегенмен бұл сипаттама Рюдің өзіне келетін сияқты, бірақ бұл басқа кітаптың тақырыбы) Менің ойымша, маған Муракамидің өзінің осыған байланысты сөздері жақынырақ көрінеді:

– Иә, мен поп-мәдениетті жақсы көремін, - деді ол бір сұхбатында, - Дэвид Линчтің «Роллинг Стоунз», «Дорз» секілді дүниелері мен осының айналасындағы поп-мәдениет көңіліме жағады. Мен элитарлықты жек көремін. Маған Стивен Кингтің, Реймонд Чандлердің қорқынышты фильмдері ұнайды. Бірақ мен ондай дүние жазғым келмейді. Мен поптың мазмұнын емес, оның структурасын қолданғым келеді. Маған осындай структураларды өзімнің дүниеммен толтырған ұнайды. Ол - менің мәнерім, менің стилім. Сондықтан да мені жазушылардың осы екі типі де жақсы көре бермейді. Поп-мәдениеттің жазушылары да, дәстүрлі әдебиетшілер де. Себебі, мен олардың ортасындамын ғой, менікі тіпті жаңа бағыт, жаңа дүние. Сондықтан да мен қаншама жыл Жапонияда өз ортамды таба алмай жүрдім. Ал енді бұл жағдайдың түбегейлі өзгеріп бара жатқанын көремін. Менің оқырмандарым менің кітаптарымды әлікүнге сатып алып, оқиды. Және олар менің жағымда. Енді мен үшін орта бар. Және ол өсіп барады. Бірақ сол ортаның қаншалықты кеңейгенінен ,өзіме жапон жазушысы ретінде соншалықты жауапкершілік артамын... Міне, сондықтан да мен Жапонияға қайта оралдым.

 абзалАударған Абзал СҮЛЕЙМЕН.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x