Тоқаев құрылыс кодексіне қол қойды

Көркем Алдабергенова 09 янв. 2026 15:03

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес, сәулет саласындағы уәкілетті органның құзыретінен мемлекеттік сараптама ұйымы көрсететін консультациялық қызметтердің тәртібі мен құнын реттейтін қағидаларды әзірлеу және бекіту алынып тасталады. Сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстардың бас сәулетшілерін тағайындауды келісу туралы норма жойылады.

Өзге өзгерістер қатарында аудан әкімдіктерінің жер учаскелерін беру құқығынан айырылуы, мердігерге меншік иесімен тең дәрежеде құрылыс нысанын бұзу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ережені алып тастау, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қаупі карталарын қолдануды 2030 жылға дейін уақытша тоқтата тұру жөніндегі норманы нақтылау бар.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

 


Рекомендовать
Последние новости