Кремль Арменияны бір аптада жаулап алып, Пашинянды биліктін кетірудің қамына кірісті

Dalanews 04 окт. 2023 05:33 1255

Ресей көктемде Арменияны толық басып алып, оның билігін ауыстырып, Ресей-Беларусь одағына біріктіру жоспарын сызуға кірісті. Арменияның Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялауы Путиннің эмоционалды ашуға ерік беруіне себеп болды дейді, Мәскеудегі DALA INSIDE дереккөзі.

Бас штаб басшысы Валерий Герасимовке әскери операция дайындау, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Николай Патрушевке армян оппозициясын күшейтіп, Еревандағы қоғамдық пікірді реттеу тапсырылды.

Жоспар екі сценарийден тұрады. Біріншісі, қарусыз саяси операция.

Қазір ФСБ армян парламентіндегі оппозициялық фракциялармен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Ресейдің Қарабақтың Әзірбайжанға қайтуына қарсылық білдірмеуі, осы арқылы Армения премьері, еуросаясаткер Пашинянды биліктен кетіруге бағытталған еді.

Ресей оппозиция серкесі Ишхан Сагателянді билікке алып келуге мүдделі. Артынан Сагателян "Ресеймен бірге болмасақ, Әзірбайжан Зангезур коридорын жасау үшін Сюник облысын тартып алады" деген желеумен, Арменияны одақтық мемлекетке (Ресей-Беларусь) кіргізуі керек.


Егер Пашинян блогы жеңілмей, Армения еуроинтеграцияны күшейтсе, онда Ресей Арменияны ОДКБ-дан шығуға итермелемек.

Ресми Ереван ОДКБ-дан кеткеннен кейін, "өзін НАТО-дан қорғау" сылтауымен, Арменияға 30 батальонды тактикалық топтан құралған әскер енгізіліп, артынан Росгвардия жіберу жоспары ойластырылды.

Ресей Арменияның әскери потенциалын, территориалдық қорғаныс құру мүмкіндігін барынша барлап қойды.

Ресей Арменияны тым әлсіз деп санап отыр. Сондықтан Украинадағы соғыспен бір уақытта Арменияны да реттеп тастайтын қауқар бар деген пікірде.


Тек, бас штабтың ойынша, операция мерзімі бір аптадан аспауы тиіс. Бұл ретте, Ресейдің Францияның соғысқа араласу мүмкіндігін неге ескермей отырғаны түсініксіз.

Францияда армян лоббиі мықты болғандықтан, шетел легиондарын көмекке жіберу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

НАТО Ресейдің Кавказдағы әскери маневрларын барлап, Ресейдің Украинамен қатар Армениядағы соғыс балшығына батып қалуы альянс үшін тамаша шешім болмақ.

Францияға толық карт-бланш ұсынылатыны анық. Бастысы, Ресейдің соғыстан тез шығып кетуіне мүмкіндік бермеу керек. Ресейдің бөлшектенуі осы Кавказдағы соғыстан басталады деген де жоспар бар.

Ал Ресейдің 15 жылдық стратегиялық жоспарында керісінше: ол Арменияны реттеп тастайды да, Молдовамен айналысады. Содан кейін Қазақстан жақты көреді.

Генштаб жоспарынша, Қытаймен саяси уағдаластық болмайынша, Қазақстанмен соғысуға болмайды. Ал Қауіпсіздік кеңесі Қытайдың Қазақстан мәселесінде Ресеймен келіспейтінін және қатаң ескерту жасайтынын болжаған. Немесе Сахалин мен Благовещенскті Қытайға сыйлаулары керек.


Ресей жоспарында Қазақстан-Өзбекстан блогымен гипотетикалық соғыстың орасан қиын болатыны ескерілген. Қазақстанның модернизацияланып жатқан әскери потенциалы, оған қоса 100 пайыз Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркияның әскери қолдауы болатыны есепке алынып отыр.

Өзбекстан мен Қазақстанның демографиясы, халқы жас екені, мобилизациялық потенциалы Ресейден кем түспейтіні жазылған. Ең бастысы, Қытай келіспесе Ресей Қазақстанға мүлде кіре алмайды. Келіспей соғыс бастайтын болса, Қытайдың әскери әлеуетімен күш сынасуға мәжбүр болады.

Бірақ Ресей Қазақстандағы соғысқа жетемін дегенше, батыс фронтынан-ақ әбден әлсіреп, өзі ыдырап кететін жағдайда отыр. Жоспар - қағазға жазылған өтірік дүние. "Киевті 3 күнде басып алатындар", өздерінің сөзі мен ісі қаншалықты қабыспайтынын бүкіл әлемге дәлелдеп үлгерді.

Рекомендовать
Последние новости