Астананың мәдени мекемелері бір аптада 30-дан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр

Dalanews 07 дек. 2022 06:11 923

Елорданың мәдени мекемелері осы аптада 30-дан астам түрлі іс-шара өткізеді. Елорда театрлары 10-ға жуық қойылым, концерттер, көрмелер мен өзге де мәдени шаралар ұйымдастыруды көздеп отыр.

11 желтоқсан күні кешкі сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясының сахнасында «Ave MARIA» аспаптық және вокалдық, камералық музыка концерті өтеді.

«Жастар» сарайында 7 желтоқсан күні таңертең «Юра кезеңі» цирк шоуы өтеді. 8 және 9 желтоқсанда сағат 20:00-де «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің қатысуымен «2000 Hits» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. 10 желтоқсанда сарай қабырғасында «Билеп өмір сүр» атты балалар хореографиялық байқауы өтеді. Сол күннің ертеңінде «Жастар» сахнасында «Раневская: сквозь смех и слезы» спектаклі көрсетіледі.

10 және 11 желтоқсанда елордалық цирк ағайынды Гертнерді «DER ELEFANT» неміс циркінің бағдарламасына шақырады. Қойылымның басталуы сағат 16:00-де.

Тәуелсіздік күніне орай «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешені Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте зардап шеккен адамдарды оңалту және мәңгілікке қалдыру қорымен бірлесіп, 7 желтоқсанда «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында іс-шара өткізеді. 9 желтоқсанда «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені адам құқықтары күніне арналған дәріс ұйымдастырады.

Сәкен Сейфуллин мұражайында 6-8 желтоқсан күндері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» көрмесі жұмыс істейтін болады.

9-13 желтоқсан аралығында жазушы Әзілхан Нұршайықтың 100 жылдығына арналған «Әзілхан Нұршайықтың әлемі» көрмесін тамашалауға болады. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен нысандарының сақталуын қамтамасыз ету орталығында 8 желтоқсанда «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерімен және объектілерімен жұмыс істеу және олардың сақталуын бақылау» дәрісі оқылады.

7 желтоқсан сағат 11:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры С.Лыгиннің «Ай, да, Ленька!» ертегісін, ал сол күні кешке көрермендер Н.Гогольдің «Гоголь. Санкт-Петербург» қойылымын көрсетеді.

10 желтоқсан күні таңертең «Горький» ұжымы жас астаналықтарды М.Бартеневтің «Снегурушка» ертегісіне шақырады, ал кешке сағат 18:00-де Р. Баэрдің «Аралас сезім» мелодрамасын қояды.

9-11 желтоқсан аралығында елордалық қуыршақ театрында Г.Х. Андерсеннің өзіне аттас ертегісі негізінде А. Салаеваның «Тағы да кішкентай су перісі туралы» қойылымы көрсетіледі.

«Жастар» театры бұл аптаны премьерадан бастайды: 7 және 8 желтоқсан күндері кешке әртістер Д.Фо, А.Рахат және Л.Егембердиеваның «Мұң» мелодрамасымен өнер көрсетеді. 11 желтоқсанда «Жастар» «Алғашқа махаббат» комедиясын көрсетеді.

8 желтоқсан күні кешке жас көрерменді «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен қуантады. Сол күні кешке сахнада «Шанель №5» деректі драмасы көрсетіледі. 11 желтоқсан күні сағат 12:00-де балаларды «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісіне шақырады, сағат 19:00-де көрермендерді «Театр әлемі» концерті күтеді.

8 желтоқсан күні сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайынғы «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.

Рекомендовать
Последние новости