Астанада медицина қызметкеріне шабуыл жасалды

Қаракөз Амантай 09 апр. 2026 11:53

Әлеуметтік желіде Астанада фельдшерге жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиға 3 сәуір күні қалалық психиатриялық орталықта болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам туысын көру үшін медициналық мекеменің қабылдау бөліміне келген. Кезекші фельдшер одан белгіленген қабылдау уақытына сай келуді сұраған. Алайда келуші агрессия танытып, медицина қызметкеріне қол көтерген.

Оқиғадан кейін күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Кейіннен полиция 47 жастағы ер адамды анықтап, ұстағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove