Бүлінген бюллетеньді бір рет қана ауыстыруға болады – Алматы қаласы АСК

Dalanews 19 нау. 2023 08:45 253

Бұл туралы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында Алматы қаласы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова айтты.

Спикер журналистің егер дауыс беруші қателесіп, сызылып тасталған кандидатқа дауыс берген болса, оның  басқа адамға дауыс беру мүмкіндігі бола ма деген сұраққа жауап берді.

«Егер сайлаушы қате жіберіп, ол бюллетеньнен сызылған кандидатты белгілесе және бюллетеньді жәшікке салмай тұрып қателескенін анықтаса, оның учаскелік комиссияға жүгініп, осы бюллетеньді өзгертуді сұрап, қайта дауыс беруге болатын басқасын алу мүмкіндігі бар», - деп жауап берді А.Қалықова.

Сонымен бірге ол, бүлініп  қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті. Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады.

Соған  қарамастан, жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. 1,2 млн алматылық дауыс беру құқығын пайдалана алады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x