Тоқаев: «Қордайдағы қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады»

Dalanews 09 ақп. 2020 06:42 235

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қордай орын алған жағдайға мемлекеттік органдардың салғырттығы салдарынан орын алғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Twitter желісінде былай деп жазба қалдырған.

«Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!» деп пікір білдірді.


Сонымен қатар, Қордай ауданында жағдайдың тұрақты екенін, Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.

«Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін» деп жазды Тоқаев.


Кеше, 8 ақпанда Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x