Мектеп дәретханаларына бейнебақылау камерасы қойылмақшы

Dalanews 24 қаң. 2020 14:55 266

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы мектеп дәретханасында болған зорлау ісінің масқара екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ол аймақ әкімдеріне 2020 жылы дәретханалар мен бейнебақылау камераларының мәселесін шешуді тапсырды.

– Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау керек. Әкімдерге биыл өңірлерді бейнебақылау жүйелерімен жабдықтауды және қарапайым мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерді қарапайым қажеттіліктермен 100 пайызға қамтуды тапсырамын. Таразда болған оқиға – масқара, – деді Президент.


Еске салсақ, Таразда даладағы мектеп дәретханасында сабақ кезінде 12 жастағы қыз зорланған болатын. Оқиғадан кейін мектеп директоры, директордың орынбасары, мұғалім мен кезекші қызметінен кеткен. Кейін Президент Тараз әкімін де жұмыстан босатуды тапсырды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x