Амандық Баталов «Жетісу» телеарнаның ұжымын құттықтады

Dalanews 21 нау. 2018 09:35 320

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Журналистер үйінде болып, «Жетісу» телеарнасының ұжымын «Тұмар» телевизиялық байқауының «Үздік өңірлік телеарна» аталымының жеңімпазы атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.



Облыс әкімі А. Баталов өз сөзінде журналистерді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

– Телеарнамыздың жеңімпаз атануы - Жетісу жұртшылығы үшін қуанышты оқиға.Бұл ұжымданағыз өз ісінің шеберлері еңбек етіп жатқанын көрсетеді. Материалдық-техникалық жағынан жоғары деңгейде жабдықталуына барынша жағдай жасап, жыл сайын ауқымды қаржы бөліп отырамыз. Мәселен, биылғы жылы 413 млн. теңге қарастырылған. Біз өз тарапымыздан бұдан кейін де осындай қолдау шараларын жалғастыратын боламыз. Соған сәйкес сіздердің де дайындайтын хабарларыңыздың сапасы жоғары болып, осындай биіктен көріне береді деп сенемін. Жеңістеріңіз құтты болсын! – деді А. Баталов.

Мұнан соң сөз алған «Апта» бағдарламасының жүргізуші журналисі Гүлжанат Мақұлжанова, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, «Өлке тынысы» ЖШС бас директоры Мейрам Жанәділов, телеарна бас директорының орынбасары Серік Сарыбаев сөз алып, әріптестерін жетістіктерімен құттықтады.



Сонымен қатар журналистер тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, облыс басшылығы тарапынанқолдау тапты. Атап айтқанда, Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Жетісу» телеарнасының Астана қаласында тілшілер қосынын ашу мәселесі қарастырылатын болды.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Ж. Омар, телеарнаның бас директоры Б. Құранбек сөз алып, облыс әкімінің телеарнаға арнайы келіп, ұжымды құттықтауы журналистердің жұмысына деген құрметін көрсететінін атап өтіп, алдағы уақытта да үздіктер қатарында нәтижелі жұмыс жүргізетіндеріне сендірді.

Осы кездесуде телеарнаның бірқатар қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x