Шаханов және "шындығын жоғалтқандар"

Dalanews 01 желт. 2019 05:34 548

Халық қай кезде де тұлғаларға арқа сүйейді. Сөзін сөйлер дуалы ауызға сенім арту – ежелгі дағды. Әсіресе, қиын-қыстау шақ туғанда, ел алдында жүрген азаматтардан парасатты пайым, ойлы сөз күтеді. Сын сағатта көш бастар адамға қарайлайды. Егер, сол шақта өзі ойлаған адамы бұқпантайлап, міңгірлесе, оны кешіру былай тұрсын, жадынан өшіруге ұмтылады. Біздің басымыздан ондай сәттер талай мәрте өтті.

Шаханов поэзиясы

31Халық Шахановты ақындығы арқылы таныды. Оның туындылары эпикалығымен, әңгімеге, сюжетке құрылған қарапайымдылығымен және өзіндік мазмұн мен форма тапқандығымен құнды. «Танагөз», «Ғашықтық ғаламаты», «Сенім патшалығы» сынды туындылары жұртшылықтың алқауына бөленіп қана қойған жоқ, әдеби ортаны да өзіне қаратты. Жастар жыр кештеріне ағылып, Шахановты іздеді, онсыз жыр әлемінің мәні болмайтындай күйге түсті. Әдебиетшілер ортасы жылы қабылдап, сол кездегі дуалы ауыздың бәрі ақын шығармашылығы туралы пікірлерін білдіріп жатты. Дегенмен, оның поэзиясы Тәуелсіздік тұсында тоқырауға ұшырады деп қарайтындар да бар. Мысалы, «Жаңа қазақтар», «Қажымұқандар мен бөдене таланттар» секілді публицистикалық сарындағы туындылары көркемдігі жағынан ақсап, қоғамдық проблемаларды көтеруімен ерекшеленетінін сын ғып айтатындар көп. «Поэзияның міндеті – қара мақаланың жүгін көтеру емес, оқырманды эстетикалық танымға жетелеу» деген пікірлер жиі қайталанады. Кейде Шахановтың «Танагөз» поэмасынан кейін жазған жөні түзу шығармасы жоқ деп санайтындар да кезігеді. Ал енді бір көпшілік, әсіресе, оқырмандар оның соңғы жазған өлеңдеріндегі шыншылдықты, қоғамды өлеңімен аяусыз сынау позициясын жоғары бағалап, Шаханов өлеңдерін оқуға құмар. Қалай айтса да, бәрібір Шаханов қазаққа ғана емес, берісі – түркі дүниесіне, арысы – әлемге танымал ақынның бірі. Оның жырлары әлемнің талай тіліне аударылған. 
Шаханов сол жылдары Олжас Сүлейменовке арнап, «Біз қазақтың екі ақыны біргеміз» деген өлең жазғаны жадымызда. Кейінірек, Олжас Сүлейменовпен ұстанымы келіспей, оған қарсы пікірлерін ашық айтты. Екі ақынның кетісуіне қазақ тілінің мәселесі себеп болды.

 Кім өзін жоғалтады?

1_301Ақын Мұхтар Шаханов «шындығын жоғалтқандардың» кісілік келбетіне күмәнмен қарайтын тұлғаның бірі. Ол үнемі «өз шындығын жоғалтып алғандардан қауіпті ешкім жоқ» деген тұжырым жасап, керек кезінде халықтың сөзін сөйлемей, «үстелдің астына жасырынғандарды» жаны сүймейтіндігін өлеңімен де, сөзімен де еске салып отырады. Бұл сөз – бір қарағанда жаттанды сияқты көрінгенімен, ақынның ойлау жүйесіне салсаңыз, шынайы пікір екеніне көз жеткізесіз. Егер, Тәуелсіздіктен бұрынғы 10 жылдыққа назар бөлсеңіз, Шаханов елдің ең күрделі істеріне араласқан, Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын тәмам әлемге паш еткен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына айрықша үлес қосқан азсанды, кей сәттерде жалғыз күрескен жандардың бірі екенін білесіз. Оның сол кездегі көзсіз ерлігін кейбіреулер батырлықтан гөрі, даңғойлыққа балап жатса да, Шаханов жел сөзге пысқырған емес. Егер Шаханов болмағанда, Желтоқсан көтерілісінің шындығы кешірек, Кеңес одағының қабырғасы қақырағанда барып ашылуы да мүмкін еді. Кейбір деректер Шахановты әлемге танытқан мәскеудегі ерлігі екенін де айтады. Кеңес одағының ыдырауына Желтоқсан оқиғасының ұйытқы болғанын, Желтоқсан қырғынын барша әлемге жайған Шаханов екенін батыл айтып, «қызыл империяның» күйреуіне Шахановтың ықпал еткенін дәлелдеуге ұмтылатындар да кезігеді. Логикаға салсаңыз, әбден мүмкін. Іріп-шіріген империяның ыдырауын тездетуге қазақ ақыны себепкер болды десе, біреу сенер, біреу сенбес. Оны ешкім дәлелдей алмайды. Әйткенмен, 1989 жылдан бастап Кеңес одағының іргесі сөгіле бастағаны тарихи шындық. Бұдан бөлек, Арал қасіретін көтеріп, дабыл қаққан ақын оның әлемдік проблемаға айналатынын ескертіп, көршілес елдердің де назарын аударды. Өкініштісі сол, Арал әлі дертінен айыққан жоқ. Шаханов та жалыққан болса керек, соңғы жылдары Арал мәселесі туралы көп айтпайтын болды.
Елдің алқауына барынша ие болғанына қарамастан, Шахановты ұнатпайтын, оның ұстанымдары мен сөзіне қарсы уәж айтатын топ та бар. Қазақ баспасөзінде Шыңғысхан туралы айтыс-тартыс біраз жылға ұласты. Жазушы Мұхтар Мағауин мен ақын Мұхтар Шахановты қолдаған екі топ бірін бірі аяған жоқ. Сол мезетте «ұлтқа қарсы» деген айдармен арнайы үндеулер, ашық хаттар қарша борады.

 Шаханов – күрделі әлем

шаханов биринши беткеРас. Күрделі әлем. Адуынды ақын қайраткерлікке жету жолында небір баспалдақты басып өтті. Оның аспандаған шағы да, дәуірлеген тұсы да, билікке жақпай, шетқақпай көрген кезі де көп. Бірақ, халық Шахановты ұмытқан жоқ, ұмытпайды да. Үнемі ақынның айтқанын ұйып тыңдап, оның әрбір ісіне тілеулес бола білген қарапайым жұртшылықтан Қазақстандағы ең танымал екі адамды сұрасаңыз, біріншісі – Нұрсұлтан Назарбаев, екіншісі – сөзсіз Мұхтар Шаханов екенін айтады.

Ол билік сапында елшілік қызмет атқарды, кейін бірнеше мәрте халықтың ұсынысы бойынша Парламент депутаты болды. Парламенттегі кезінде «қарағайға қарсы біткен бұтақ» сынды, өткір ұсыныстар жасады. Одан кейін қоғамдағы ірі саяси оқиғаларға араласып, «Қазақстандық ұлт» ұғымына қарсы шерулер ұйымдастырды. Мемлекеттік тілдің мүшкіл халін көтеріп, билік алдына қатаң талаптар қойды.

Елдің алқауына барынша ие болғанына қарамастан, Шахановты ұнатпайтын, оның ұстанымдары мен сөзіне қарсы уәж айтатын топ та бар. Қазақ баспасөзінде Шыңғысхан туралы айтыс-тартыс біраз жылға ұласты. Жазушы Мұхтар Мағауин мен ақын Мұхтар Шахановты қолдаған екі топ бірін бірі аяған жоқ. Сол мезетте «ұлтқа қарсы» деген айдармен арнайы үндеулер, ашық хаттар қарша борады.

Шахановқа қарсы пікір айтатын тағы бір топ бар. Олар бір кездері дәурендеген «Азат» партиясының жұмысы тоқтап, халық алдында тегеуірінді болмай қалуына Шаханов пен Сүлейменов құрған «Қазақстан Халық конгресі» партиясы кері әсер етті деп шүйлігеді. Шаханов сол жылдары Олжас Сүлейменовке арнап, «Біз қазақтың екі ақыны біргеміз» деген өлең жазғаны жадымызда. Кейінірек, Олжас Сүлейменовпен ұстанымы келіспей, оған қарсы пікірлерін ашық айтты. Екі ақынның кетісуіне қазақ тілінің мәселесі себеп болды. «Тілге жаны ашымаған адамның ұлтқа да жаны ашымайды» деген ойын мінберлерден мәлімдеген ақын бірнеше билік өкілін аямай сынап, «Шіріген жұмыртқа» сыйлығын берген болатын. 

Ахмет САҒЫНДЫҚ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x