Алматыда карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Dalanews 14 қыр. 2020 03:58 276

Алматы қаласы бас санитары Жандарбек Бекшин шаһарда коронавирусқа қарсы карантиндік шектеу шараларын жеңілдетілетінін мәлімдеді.  

Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар), кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды.

Бұл ретте, маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.

Ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істейтін болды. Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылылған.


«Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді» делінген Алматы қалалық Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған құжатта.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x