Майор шеніндегі Асыл жар, Аяулы ана

Dalanews 01 мам. 2020 11:08 256

Өзімнің сырлас құрбым, бүгінгі таңда ОВ-156/17 мекемесінде арнайы есеп бөлімінің бастығы қызметінде отырған әділет майоры Анар Сабиева 18 сәуірде 1979 жылы Семей облысы Жарма ауданы Капанбұлақ аулында дүниеге келді.

1985-1996 жылдар арасында Семей облысы Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінде орналасқан №234 орта  мектептен оқу бітірді.

1996-2000 жылдар арасында Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік қыздар  педагогикалық Институтың, Неміс тілі референт-аудармашы мамандығын тамандаған. Сырттай Семей қаласында орналасқан Қайнар университетінде құқықтану мамандығын оқыды.

2000-2004 жылдар арасында ЖШС «Құралай» магазининде сатушы, кассир болып жұмыс атқарды.

2004-2007 жылдар арасында Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/18 мекемесінде психолог қызметін атқарды. 2007 жылы ҚР  ӘМ ҚАЖД-ң Павлодар заң колледжін тәмәмдаған.

2007-2011 жылдар арасында  Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/16 мекемесінде бакылаушылар қызметінің еркін жалдамалы маман бақылаушысы  қызметінен бастап, ОВ-156/17, ОВ-156/21 мекемелерінде де бақылаушы қызметінен аға бақылаушы қызметіне дейін көтерілді.

2011-2015 жылдар арасында Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/17 мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту тобының инспекторы және  жасақ бастығы қызметінде болды. 2015 жылдан бүгінгі таңға дейін Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/17 мекемесінде арнайы есеп бөлімінің бастығы қызметінде.

Жанұя жағдайы тұрмыста. Жолдасы Дулат Сабиевмен 1997 жылы отау құрып, еліне беделді, халқына қалаулы екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр. «Көнеден дәурен озады, атадан ұл озады, анадан қыз озады» демекші Ана жолын жалғастырып, күнделікті өмірде  қатаң тәрбие алып, әділдікті талап еткен анасының тәрбиесін көріп өскен үлкен қызы Альфира Дулатқызы 23.05.1998 жылы туылған, қазіргі таңда Қостанай қаласында ҚР ІІМ-ң Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІм-ң Академияның соңғы курсында, құқық қорғау қызметі, құдай қаласа жаз айында қолына дипломын алып, піскен офицер, білікті кадр әділет лейтенанты шенін алып анасын қуантуға бір-екі қадам қалды.

Екінші қызы Лаура Сәби 02.10.2009 жылы туылған, Жанғызтөбе кентінде орналасқан  жалпы білім беретін орта мектептің 4 сынып оқушысы, сабағын 5-ке оқитын, алғыр, қандай мектепшілік сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алып қоймай, үйіне мақтау қазасынсыз қайтпайтын, Лаураға бақытты балалық шақ тілеймін.

Жолдасы Дулат Қабланұлының әке жолын қуар, ізбасар, әкеге серік, анаға қорған ұлы –Дәулет Дулатұлы 12.08.2015 жылы дүниеге келді. Жаңғызтөбе кентінде орналасқан жалпы білім беретін орта мектептің балабақшасында тәрбиеленіп, балалық шағы қызықты өтуде. Бала тәрбиесіне келсек қыздарына ақылшы, сырлас, досындай, еркелікті көп жақтырмайтын, ер мінезділігімен қатаң тәрбиені ұстанады. Ұлы Дәулетке келсек ұл бала анаға жақын болғандықтан ба? Еркелетін, басына көтеріп, тәрбиесіне әкесін жауапты деп жолдасы Дулатқа тапсырады. Қызметкерлер арасында сыйлы, өз орны бар, жұмысына адал, ішкен асын тастап, жұмысы бірінші орында тұрады, жиналыс-жиындарда Анар сөйлемей қалса сол күнгі жиналыс қызықсыз өтеді. Елгезек, аққөңіл, айтуы тез, бөліміне, мекемеге келген жас қызметкерлерге қатаң тәрбие, ақылын айтудан қайтпайды, үйрен деген, жұмыс істеймін деген тұлғаға  үйретуден жалықпайды.

Э.А.Жанғасқанова, Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті Шығыс Қазақстан облысы бойынша ОВ-156/17 мекемесінің кеңсе инспекторы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x