ҚАЙРАТҚА ҚОЯР САУАЛ СОЛ МА ЕДІ?!

Dalanews 16 қаң. 2015 10:35 196

[caption id="attachment_8619" align="alignright" width="479"]kairat_2 Қайратқа айтар сын аз. Тек оның анасы, продессері Гүлзира Айдарбековаға айтар назымыз бар.[/caption]

Қазір ауылда да, қалада да қазақ эстрада жұлдыздарының әрбір басқан қадамы аңдулы, айтқан сөзі қызу пікір таласқа себеп болып тұрғаны белгілі. Қысқасы жұлдыздарға қарап бой түзейтін деңгейге жеттік. Бұдан әншілер қоғам алдында үлкен жауапкершілікті мойнына алғанын байқаймыз. Өкінішке орай, мұндай жауапкершілік жүгін кей әнші сезінсе, енді бірі мүлде сезінбейді. Қазір жұрттың назарында жүрген әншілердің бірі – Қайрат Нұртас. Жас сері атақ-абыройдан кенде емес. Әншіге деген халықтың ықыласы да ерекше. Әсіресе ауылдағы жастар Қайрат десе ішкен астарын жерге қояды. Қайратқа айтар сын аз. Тек оның анасы, продессері Гүлзира Айдарбековаға айтар назымыз бар.

Эстрада жұлдыздары тек өнерімен халыққа үлгі-өнеге көрсетсе, қанеки. Бірақ соңғы кездері олар не киіп, не ішетіндерін әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, жастардың жүрегін ауыртып жүргендерін өздері де білмейді. Таяуда Қайраттың анасы Гүлзира ханым «31 арнадан» эфирге шығатын «Жұлдызды шаңырақ» деп аталатын бағдарламадан ұлының қандай киім киетінін, оның бағасы қанша тұратынын көпшілікке жайып салғанда, талып түсе жаздадық. Қайраттың анасы ұлының бір сырт киімі үшін 13-15 мың доллар жұмсайтынын мақтанышпен айтты. Бізді қойыңызшы, бұл бірінші кезекте Қайратқа еліктеп, сол сияқты киінетін жастарға ауыр соққы болып тигені анық (өздеріне де сол керек). Мұндай қымбат киімге қол жеткізуге екінің бірінің шамасы жетпейді. Сондықтан Гүлзира ханымның ұлының гардеробы жайында желпініп әңгіме айтуы орынсыз-ақ болды. Қайрат халықты өзінің жылтырақ киімдерімен емес, ойнақы, лирикалық әндерімен баурап алатынын естен шығарғандай. Ал мұны анасының ескермеуі үлкен ағаттық болды.
Таяуда Қайраттың анасы Гүлзира ханым «31 арнадан» эфирге шығатын «Жұлдызды шаңырақ» деп аталатын бағдарламадан ұлының қандай киім киетінін, оның бағасы қанша тұратынын көпшілікке жайып салғанда, талып түсе жаздадық. Қайраттың анасы ұлының бір сырт киімі үшін 13-15 мың доллар жұмсайтынын мақтанышпен айтты.

Бұдан кейін Гүлзира Үсенқызы өзінің неше түрлі асыл тастармен көмкерілген киім-кешектерін жүргізуші қызға көрсетіп, әуре болып кетті. Бағдарлама жүргізушісі қымбат киім көрмеген қыз ба деп қалдық. Қайраттың анасы жылтыраған әрбір көйлегін көрсеткенде таңқалып, ішегін тартып, таңырқаумен болды. Бағдарлама басталып үйге кірген бетте жаңа үйді қашан алғанын, қалай сәндегені жайында бастырмалатып сұрақ қойғанда бұл хабар жұлдыздардың үй-жайын қалай жабдықтайтынын көрсететін хабар ма деп ойлап қалдық. Бірақ, сөз төркіні киім-кешекке ауысқанда бұл жұлдыздардың басқан-тұрған қадамын аңдитын көп хабардың бірі екенін ұқтық. Бекер обалы ғана Гүлзира ханым материалдық құндылықты айрықша бағалайтын жүргізушіні қақпақайлап, сөреде жинаулы тұрған кітаптары мен ұлына әнсүйер қауымның сыйға тартқан қобызы мен қолдан салған суреттерін көрсетіп, бір әңгіменің шетін шығармақ болғанда, жүргізушіміз өзінің жаттанды сұрақтарын қойып, қызықты әңгімені үзіп жібергенде, телеарнаны басқа арнағы ауыстырып жібергіміз келді. Бірақ хабардың екінші бөлімінде Қайратпен сұхбат болатынын бағдарлама барысында жылтыңдатып жарнамалағаннан кейін, амалсыз шыдауға тура келді. Гүлзира ханымның Алматыдағы үйінде қандай киім-кешегі, жиһазы, әшекей бұйымдары бар екенін білгеннен кейін, кезек Қайратқа келді.

Жүргізуші қыз ғаламторды шарлап жүрген өсектердің негізінде дайындаған сұрақтарын шетінен сыздықтатып қоя бастады. «Қайда демаласыз?», «тамақ істей аласыз ба?» («істесеңіз қандай тамақ істейсіз?»), «жұлдыз болуды армандадыңыз ба?»  деген сұрақтарды қойғанда жүргізуші Қайрат Нұртастың соңғы кездегі өмірі жайында мүлде бейхабар ма деп қалдық. Өз басым жүргізуші «Прайм плазадағы» оқиғадан кейін нендей ой түйдің?», «Сол аласапыранда қолға түсіп, істі болған өзің құрыптас жастардың тағдырына алаңдайсың ба?» деген жұрттың көкейінде жүрген сауалдарды қоятын шығар деп үміттенген едім. Онымыз бекер болды. Сол баяғы көди-сөди әңгіме. «Апама жездем сай» демекші, бұдан кейін Қайракеңде «ашылып» әңгіме айтқан болды. Түркияға демалуға барғанда ұшақта түрік жігітінің аяғына қалай қосқанын айтып бергенде жүргізуші мәз болып, күлкіден жарыла жаздады. Құлаққа кіретін әңгіме болмайтынын білген соң, орнымыздан тұрып кеттік.

Жарбол КЕНТҰЛЫ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x