Джеки Чан:«Уақытты сатып алғым келеді»

Dalanews 07 мау. 2017 03:36 404

 

Бүгін бүкіл ел Джеки Чанның астанаға келгенін қуана хабарлап жатыр. Джеки Чанның құпияға толы өмірі туралы бір сәт ойлансаңыз, оның пенде баласының түсіне кірмес бұл зау биікке тек талмас қажыр арқылы жеткенін білесіз. Әлемге қайталанбас тағдыры арқылы соны із тастаған актердің өнер үшін емес, қарапайым тірлік ету үшін де зор бодау бергенін бағамдағанда, еңбек пен тердің қасиеті еске түседі. Оқырман қауым оның қалтарыс пен бұлтарысқа толы өмір жолын қайта бір ой елегінен өткізіп, өзіне өзі есеп бергені артық болмас деп түйдік.

[caption id="attachment_8107" align="alignnone" width="221"]AE4UcsPbzSU Джеки Чан: «Мен жас кезімде қатты кедей болдым. Мен бір фунд үшін бір күн бойы өте қатерлі трюктерді істейтінмін».[/caption]

Оның әкесі қарапайым аспазшы, ал анасы еден жуатын қызметкер еді. Ол өмірге келуден бұрын, әке-шешесі елдегі азаматтық соғыстың кесірінен елінен босып, адам айтса нанғысыз қиын күндерді бастан кешіруге мәжбүр болды. Қатал тағдыр анасын екі қызынан тірідей айырса, әкесі екі ұлынан көз жазып кете барды. Бөтен жер, бөгде елге келгеннен кейін бес жылдан соң, ұлы дүниеге келді. Олар да ырымшыл халық еді, баласына жаңа өмір бастаған жаңа елді мекеннің есімін берді. Жоқшылықтың тақсіретін тартқан ата-ананың сол кезде босандырған перзентханаға беретін ақшалары да жоқ-тын.


Перзентханадан баласын ала алмай, жан-жақққа шапқылап, құрап-сұраған тиын-тебендерімен ұлын әзер дегенде өз қолдарына алған-ды. Қатал өмірдің тәлкегіне түскен ата-ана ұлдарын сатып жібермек те болған. Алайда, ол жеті жасқа шыққан жылы әке-шешесі оны сатып жібермесе де, сатқандай бір іс істеуге мәжбүр болды. Қатігез тағдырдың қыспағымен аспазшы әкесі отбасын асырау үшін сонау қиянға, мұхиттың ар жағындағы ас үйлерде жұмыс істеуге аттанды. Сонымен, олар ұлдарын шарасыздан қатал режимдегі бір дәстүрлі театрға берді. Кішкене балаларды қатігездікпен тәрбиелейтін бұл театрдың қаталдығы соншалық, жаттығу кезінде бала мүгедек болып қалса немесе зорығып өліп кетсе де, еш жауапкершілік арқаламайтын еді. Өмірдің сынағына тағы да кез-келген ата-анасы бұл жан түршігетін шартқа да амалсыз көніп, баласын соған табыстады да, алысқа, тым алысқа аттанып кетті. Сол заманда олар үшін басқа таңдау да жоқ-тын.




[caption id="attachment_7873" align="alignleft" width="285"]джеки чан 2 Джеки Чан: «Кейде мен тыныш өмірді, жеке тіршілікті сағынамын. Шіркін, басқалар мені танымай қалатын күн болса деп армандап кетемін».[/caption]

Осылайша, ол қатаң режимдегі театрдың қабырғасында қатал тәртіппен шыңдалып, ал, өмірде аштық пен жоқшылықтың бәрін басынан өткере жүріп, жартасты жарып шыққан қарағайдай қайсар мінезі арқылы өзін күллі әлемге мойындатты, планетадағы ең танымал адамның біріне айналды. Ол - Джеки Чан болатын.


Иә, Джеки Чан оның әке-шешесі туғанда қойған есімі емес. Оның ата-анасы Қытайдағы коммунистер мен ұлтшылдар арасындағы азаматтық соғыстың кесірінен, 1949 жылы Гонконгқа жер аударып барғаннан кейін, көп өтпей дүниеге келген ұлдарына қойған аты - Чан Конг-Санг (Chan Kong-Sang陈港生) болатын. Бұл Гонконгта туған деген мағына береді. Кейін әкесі Гонконгтан мұхит асып, Австралиядағы Америка елшілігінің аспазшысы болып, алты жасар ұлын Қытай дәстүрлі опера үйіне сатып кеткенде, оның аты Юн Лау болып өзгерді.  Ол қытай дәстүрлі опера үйінде он жыл бойы қатал тәртіппен акробатика мен шығыс жекпе-жек өнеріне шыңдалды. Опера үйінен Ганконгтің «үш айдаһары» атанған әйгілі Саммо Хонг, Йен Бьяо және Джеки Чан тәрбиелненіп шықты. Бәріміз білетін Джеки Чан (Jackie Chan) оның өнердегі ағылшынша аты. Бұл есімге ол 1976 жылы мұхиттың ар жағындағы Канберрадағы әкесіне қосылып, сонда уақытша құрылыс жұмысшысы болып жүргенде ие болған-ды. Ол Австралияда Джек (Jack) есімді құрылысшы жігітке қолқанат болғандықтан, жұртшылық оны «кіші Джек» атап кеткен,  кейін келе бұл аты қысқартылып, « Джеки» (Jackie)-ге өзгеріп, содан бастап бұл есім оған өмір бойы серік болды. Ал оның өнердегі қытайша аты: Чэн Лун. Айдаһар деген мағына береді. Айтса айтқандай, Қытай айдаһары, әрине. Ал Джеки Чанды қытайлардың « көке» деп атайтынын да айтпай кетуге болмас. Қытайда, Шығыс Азияда, әсіресе Гонконгта ықпалды адамдарды құрметтеп, «көке» деп атауды дәстүрге айналдырған. Мәселен, Джеки Чанды бүкіл қытайлар «Дай Го» (大哥) деп атайды, мұнысы «көке» дегені еді. Негізі Джеки Чанның бұл аттары туралы айтқанда, оның өмірінің де өз киноларындағыдай шытырман болғанын байқай аламыз. Өткен ғасырдың соңында қытай сайыпқыраны Джеки Чанның өмірінде адамды таңқалдыратын тағы бір тосын оқиға оболды. Тоқсаныншы жылдардың соңына келгенде, яғни Джеки Чан Джеки Чан болып, күллі әлемге танылып, жасы қырықтан асып, елуге таман жақындаған шағында, сексеннің сеңгіріне шыққан Джекидің әкесі ұлын шақырып, өмір бойы жасырып келген құпияның бетін ашты. Ол ұлына: «Сенің атың Джеки Чан емес, тегің де Чан емес»,-деді. Өзінің бұрын Қытайда құпия агент болғанын, тегінің Чан емес, Фанг екенін, қазіргі аты-жөндерінің де бәрі жалған ат екендігін паш етті. Джеки Чан сонда ғана әкесінің жай ғана аспазшы емес екендігін білгенін айтады. Қытайда бұрынғы билікте болған ұлтшылдар партиясының құпия агенті болып қызмет атқарған Джеки Чанның әкесі Чарльз Чанның шын есімі Фанг Дао Лон екен. Кейін азаматтық соғыс басталып, ұлтшылдар жеңіліске ұшырап, коммунистер билікке келген 1949 жылы Джеки Чанның әкесі Гонконгқа ізін суытқан. Осы оқиғадан кейін, 2000-жылдың басында ғана, Джеки Чан туғанда қойылыған аты мен тегін бірдей өзгертіп, Фанг Си-Лун(房仕龙) есімін алды.



 Тоқсаныншы жылдардың соңына келгенде, яғни Джеки Чан Джеки Чан болып, күллі әлемге танылып, жасы қырықтан асып, елуге таман жақындаған шағында, сексеннің сеңгіріне шыққан Джекидің әкесі ұлын шақырып, өмір бойы жасырып келген құпияның бетін ашты. Ол ұлына: «Сенің атың Джеки Чан емес, тегің де Чан емес»,-деді. Өзінің бұрын Қытайда құпия агент болғанын, тегінің Чан емес, Фанг екенін, қазіргі аты-жөндерінің де бәрі жалған ат екендігін паш етті.

Жарты ғасырға жуық өнер жолында Джеки Чан миллиардтаған жандарды өз фильмдеріне тәнті етті. Оның фильмдерінің әлемнің түкпір-түкпірінде танымал екеніне ешкім шүба келтірмейді. Қазір ол жер бетіндегі ең танымал адамдардың бірі. Тіпті, «Қытай он екі мүшелі» киносын түсіру кезінде аяқтарына аяқ киім киюді білмейтін, ежелгі тұрмыс салтымен өмір сүріп жатқан, небары 25000 ғана тұрғыны бар Оңтүстік Тынық мұхиттағы Вануатуда аралына барғанда, бүкіл жергілікті тұрғындар: « Джеки! Джеки!»,-деп айқайлаған екен. Сөйтсе, ондағы тұрғындар Сильвестр Сталлоне мен Джеки Чанды ғана танитын көрінеді.


«Кейде мен тыныш өмірді, жеке тіршілікті сағынамын. Шіркін, басқалар мені танымай қалатын күн болса деп армандап кетемін», -дейді бір сұқбатында актер танымалдықтан шынымен шаршағанын айтып ақтарылып. «Бұрын расында мені ешкім танымаушы еді. Бір күні таңертең оянғанымнан бастап, бүкіл дүниедегі кішкене баладан тартып, қариясына дейін Джеки Чанды бір көріп танитын болды». Танымалдылықтан жалыққан жанның күйзелісін өзінен артық ешкім біле алмас.


«16 жасқа толғанымда әкем маған менің ержеткенімді, енді өз ісіме өзім жауап беретін кезім келгенін айтты. Сосын ол менен мына үш іске уәде беруді сұрады: мафияларға қосылмауымды, есірткіге жоламауымды және құмар ойынға әуестенбеуімді сұрады. Кейін әке-шешем Австралияға кетіп, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ кездерде, достарым келіп, мен уәде берген үш іске зорлаушы еді. Себебі сол кезде, менің айналамдағы достарымның барлығы сонымен айналысатын. Бірақ, мен сол кездерде әкеме берген уәделерімді іштай қайталап, өзімді тежеумен болдым»,- дейді ол. Джеки Чан сол кездегі достарының біреуінің әлде қашан о дүниелік болғанын, енді біреуінің мәңгілік қамау жазасына кесіліп, темір торға түскенін айтады.


Қазірше соңғы киносы саналатын « Қытай он екі мүшелі» фильмінің ыстығы басылмай жатып, Голливуд жұлдыздары Адрианом Броуди және Джон Кьюсакпен бірге «Айдаһар Семсері» (Dragon Blade) фильмін түсіруге кіріскен. Жарты ғасырға жуық өнер жолында жүзден астам фильмде басты рөлді сомдап, миллиардтаған көрермендерінің көз айымына айналған ол: «Иә, мен өте-өте ұзақ уақытқа зейнетке шыққым келеді. Алайда басқалар маған керемет сценарийлер беріп жатыр. Осы керемет жұмыстар мені күтіп тұрғаны үшін, сол жұмыстарды мен істейтін болғаным үшін өзімді бақытты сезінемін. Сондықтан мен алдағы бес жылда да қатты қарбалас болмақпын»,- деді жуырда. «Иә, кинодан кейін кино және кино. Мен Крис Такер сияқты бір кино түсіріп, үш жыл демалатын актеремеспін»,- дейді Қытай сайыпқыраны тағы да.




[caption id="attachment_8110" align="alignright" width="200"]6_4e490d5443d88 Ұлы есірткіге байланысты істі болғанда, Қытай сайыпқыраны тағы да ерлік танытты, халқынан басын иіп, кешірім сұрады.[/caption]

«Мен жас кезімде қатты кедей болдым. Мен бір фунд үшін бір күн бойы өте қатерлі трюктерді істейтінмін»,- деген Джеки Чан қазір әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Джеки Чанның бірі өзі – Азияда бөлек индустрия. Оның меншігінде ресторандар, театрлар, кафе бизнестері, киім-кешек салондары, шоу бизнес студиялары, кемелер, машиналар, ұшақтары мен арақ-шарап өндіретін фабрикалары бар. «Мен ақшаға алаңдамаймын. Мен машинаны, кемені не ұшақты қаласам, сатып ала аламын,-дейді жас кезінің өзінде нешелеген «феррариі» мен «поршелері» болған Джеки Чан. - Бірақ қазір олар маған еш қызық емес. Қазір мен әр күні ұқсас киім киемін... Менің сатып алғым келетіні – уақыт. Қазір маған уақыт жетіспейді».


Джеки Чан– өз үлтының нағыз патриоты. Ол Қытайдың бірлігі үшін өз мүддесін ұмытуға әзір. Қытай коммунистерінің кесірінен әке-шешесі елінен босып, адам айтса сенгісіз қиындықтарға кезігіп, тіпті, өмір бойы аты мен тегін өзгертіп жүруге мәжбүр болса да, Джеки Чан әке кегін қумай, қытайдың бірлігі үшін, коммунистік Қытаймен жауласпады. Қайта дамыған Гонконгте коммунистік Қытайды дәріптеді. Әр сұхбаттары мен мәлімдемелерінде, өзінің жерлерстері гонконгықтар сияқты өзгенің сойылын соқпады. Оларға Қытай бірлігіне шақыратын идеологияны дәріптеді.




«Мен ақшаға алаңдамаймын. Мен машинаны, кемені не ұшақты қаласам, сатып ала аламын, - дейді жас кезінің өзінде нешелеген «феррариі» мен «поршелері» болған Джеки Чан. - Бірақ қазір олар маған еш қызық емес. Қазір мен әр күні ұқсас киім киемін... Менің сатып алғым келетіні – уақыт. Қазір маған уақыт жетіспейді» дейді Джеки.



Ол ЮНИСЕФ елшісі, жабайы жануарларды қорғаушыларды қолдаушы және Қытайдағы білім беру жобаларының демеушісі. Гиннестің рекордтар кітабына әлденеше рет кірген ерен тұлға. «Біз 26 мектеп құрдық, әлі де салып жатырмыз. Қытайдың кей жеріндегі адамдардың қандай кедей екенін көрмесеңіздер, білмейсіздер. Мен кішкене кезімде көбірек оқуды армандағанымын. Мен бала күнімде заңгер, инженер немесе дәрігер болуды қиялдадым. Иә, біз өзіміз жетпеген арманға ұрпағымызды жеткізуіміз керек. Мен де Джейсиді солай болса деп тіледім. Алайда, ол 15 жасқа келіп, өнерге баратынын айтқанда, әйелім жылап жіберді. Мен әйелімнен неге жылағанын сұрағанымда, ол мен өз күйеуімді осы мамандық жолында жоғалтып алдым деп жауап қайтарды»,- деген Джеки Чан кейін ұлының есірткі қолданып, түрмеге отыратынын білмеген еді. Джеки Чан әкесіне берген үш уәдесін өзінің ұлы Джейсиден алмаған сияқты. Бәлкім, қиыншылық көрмей өскен ұлы үшін ол уәделердің қадірі болмады ма екен?.. Кім біледі, әйтпесе, «жақсыдан жаман туады, жүйріктен шабан туады» деген рас болса керек. Ұлы есірткіге байланысты істі болғанда, Қытай сайыпқыраны тағы да ерлік танытты, халқынан басын иіп, кешірім сұрады: «Ұлыма дұрыс тәрбие бере алмадым, халқымның алдында кінәлімін»,- деді ол күллі халықтан ғафу өтініп. Ұлына «қолыңмен істегенді мойныңмен көтер», – деп кесетті. Ердің сөзін айтты. Иә, қытайлардың көкесі солай деді. Ал, біздің көкелер солай істей алар ма екен?


Талғар ДӘЛЕЛҒАЗЫ.


 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x