Өмірзақ Шөкеев: «Түркістанды өркендетуде ардагерлердің алатын орыны ерекше»

Dalanews 06 там. 2021 10:09 152

Түркістан облысының әкімдігінде облыстық Ардагерлер Кеңесінің VIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияны ашып, жүргізген – Кеңестің төрағасы Ж.Мәуленқұлов. Жиналысқа Республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңестің төрағасы Ізмұханбетов Бақтықожа Салахатдинұлы арнайы қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстык мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, жазушы, «Жазушылар одағы» басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов қатысқан конференцияға аудан, қала әкімдері, аудандық, қалалық ардагерлер ұйымынан сайланған делегаттар «онлайн» режимімен қатысып отырды.

Басқосуда Түркістанның дамуы туралы кеңінен айтып өткен облыс әкімі тұтастай Түркістан облысының дамуы жолындағы еңбектері үшін облыс жұртшылығы атынан ардагерлерге алғыс білдірді.

– Өздеріңіз білетіндей, Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан облысын құру жөніндегі жарлығының шыққанына 3 жылдан аса уақыт болды. Осы уақыт көлемінде өңірімізде көптеген шаралар қолға алынды. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани және туристік орталығына айналдыру бағытында жоспар түзіліп, іске асырылды. Бұл – мемлекетіміздің өңірімізге деген үлкен қолдауы. Бүгінгі таңда облыстық ардагерлер ұйымы осы мақсатта табысты еңбек етіп келеді. Ұлттық тәлім-тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру арқылы жұртшылықты ізгілікке, отаншылдыққа, еңбекке құлшындыру бағытында облыс ардагерлерінің алар орны айрықша деп білемін. Үлгі болар ардагерлеріміздің ақылы біздің қоғамға өте қажет. Біз бүгінгі орта буын, зиялы қауым өкілдерінің идеялары мен ой-тұжырымдарын Түркістанды дамыту бағытында пайдаланатын боламыз. Бүгінгі басқосуда талқыланатын мәселелер мен тиімді ұсыныстар, бастамалар жерде қалмайды деп уәде беремін. Тұтастай Түркістан облысының дамуы жолындағы еңбектеріңіз үшін облыс жұртшылығы атынан алғыс білдіремін, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды – Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің есебі және міндеттері, тексеру комиссиясының есебі, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелерін, тексеру комиссиясының мүшелерін және Республикалық VIII съезге делегаттар сайлау. Облыстық ардагерлер кеңесінін төрағасы 5 жыл көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстар туралы кеңінен есеп берді.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ардагерлер – біздің алтын қорымыз, мақтанышымыз. Олар еліміздің ертеңі үшін қан төкті, туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етті. Сондықтан біз олардың еңбектерін әрқашан да ұмытпай бағалап, ардагерлерге ілтипат, құрметпен қатар тұрмыстық-әлеуметтік қамқорлық көрсетуіміз керек»,-деп айтқан қанатты сөзін негізге алып, өңірдегі зейнеткерлердің, әсіресе ҰОС және тыл ардагерлерінің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша атқарған жұмыстар туралы баяндады.

«Әлеуметтік қолдауды кажет ететін ардагерлерге 242 млн.теңге жеңілдікпен көмек көрсетілді. 39 мың ардагерге сауықтыру үшін мүмкіндік жасалды. Соғыс ардагерлерінің аты берілген 63 көше мен 42 мектепке және 48 ардагердің үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бюджет есебінен ҰOС ардагерлеріне 1 млн теңге, тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңге материалдық көмек берілді. Ұрпақ тәрбиеcі мен отбасы құндылықтарын калыптастыру бағытында облыстық «Әжелер алқасы» жүйелі жұмыс жасап, өз нәтижесін көрсетуде. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның бастамасымен Түркістан облыстык ардагерлер кеңесі тарапынан 2019 жылы курылған «Дәнекер» пилоттык жобасы жергілікті жерлерде тиімді жұмыстар атқаруда. 57 іс сотқа дейінгі бітіммен, 107 әртүрлі даулар он шешімін таптты»,-деді Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов өз баяндамасында.



«Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» бағдарламасы қабылданып, 48 кездесулер өткізіліп, оған 6 мыңнан астам жастар тартылды. Бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдерді ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында Түркістан облыстык ардагерлер кеңесінің жанынан «Әкелер мектебі» кұрылды. Облыс бойынша барлық 902 мектептерде әкелер мектебі ұйымдастырылды.

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» Орталық кеңестің төрағасы Ізмұханбетов Бақтықожа Салахатдинұлы Түркістан облысында құрылған «Әкелер мектебінің» еліміздің өзге өңірлерінде үлгі ретінде көрсетілетінін айтып, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Үлгі берер ардагерлер кеңесінің есепті кезеңдегі жұмыстарына оң баға берілді. Облыстық ардагерлер ұйымының төрағалығына осы уақытқа дейін жұмысын ойдағыдай атқарып келген Жеңісбек Мәуленқұлов бірауыздан қайта тағайындалды. Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарының алдағы атқаратын жұмыстары мен міндеттері айқындалды. Конференция барысында тексеру комиссиясынын есебі тындалып, жаңадан комиссия мушелері сайланды. Сонымен бірге, Республикалық съезге Түркістан облысынан абыройлы ардагерлердің арасынан 8 делегат сайланды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x