Мүмкіндігі шектеулі жастардың IT жобасын қолдайтын ITeachMe байқауы басталды

Dalanews 28 мам. 2020 05:28 272

Елімізде #ITeachMe3.0 лагерінің бірінші іріктеу кезеңі басталды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мүгедек жастар IT саласында бірлескен кәсіби даму үшін бірігетін болады.




Жобаға "Шеврон" компаниясы қолдау көрсетуде.

Біздің елімізде мүгедектерді жан-жақты бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту ерекше рөл атқарады. Білім жеке тұлғаның дамуына ықпал етіп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және қоғамда теңдікті сезінуге мүмкіндік береді, ал жұмыспен қамту қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізеді.

       ITeachMe жобасы мүгедектердің қаржылық тұрақтылығы мен қоғамға сіңуі үшін кәсіби IT-білім беруге бағытталған. Лагерьге қатысу әрбір адамды алдына мақсат қою және оған жетуге ынталандырады.


Жана идеяларды жүзеге асырушылар, инноваторлар, тәлімгерлер, мүгедектігі бар белсенді жастар жаңа белестерге жету, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамға сіңу үшін бірігеді. Лагерь аясында және одан әрі офлайн режимінде кеңейтілген бағдарлама жоспарлануда: дөңгелек үстелдер, тренингтер, жұмыс берушілермен және серіктестермен кеңестер.

Байқауға қатысу шарттары:

  • [perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]

    • Қазақстан Республикасының азаматтары;

    • Жасы 17-35 жас мүгедектер немесе халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын жастар


    [/perfectpullquote]


Лагерь екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде ларерьде 5 күндік жаттығу өтеді, екінші кезеңде офлайн режимде жаттығулар жоспарлануда. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 25-тен астам қатысушы келеді деп күтілуде.

Бірінші іріктеу кезеңіне қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, өтінімді толтыру керек: http://well-done.kz/ITeachMe/index.ru.html

Бірінші іріктеу кезеңіне өтінімдер 2020 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады.

Жобаның ұйымдастырушысы - «Шеврон» серіктесінің қолдауымен ITeachMe қоғамдық қорының дамыту орталығы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x