«Теңізшевройл» – әлеуметтік жобалардың қолдаушысы

Dalanews 10 ақп. 2018 04:55 150

ТШО-ның Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) бойынша серіктестері саналатын үкіметтік емес ұйымдар «Келешекті бірлесе кұрамыз» ұранымен 2017 жылда атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Басқосу барысында үкіметтік емес ұйымдардың егжей-тегжейлі есептік баяндамаларынан бөлек, ӘИБ жүзеге асырылып бастаған 2010 жылдан бергі қызмет нәтижелері сөз болды. Шараға Атырау облысы мен Жылыой ауданы әкімдіктерінің өкілдері, ТШО серіктестері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері және компания қызметкерлері қатысты.



2010-2017 жылдары ТШО үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп білім беру, денсаулық сақтау, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау және экологиялық сауаттылық салаларында жалпы құны 6 млн. АҚШ доллары құрайтын 57 жобаны жүзеге асырған.

– Биыл ширек ғасырлық мерейтойын атап өтетін «Теңізшевройл» компаниясы үшін корпоративтік жауапкершілік өз қызметін жүзеге асырудағы басты қағида болып саналады, – деп атап өтті ТШО-ның бас директордың орынбасары Мұрат Мұқашев. – Өзінің құрылған

күнінен бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Атырау облысы мен Жылыой ауданы әкімдіктері және үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті халықпен жемісті ынтымақтастық арқасында осы көрсеткіштің әлі де өсетініне сенімдіміз, – деді Мұрат Мұқашев.

Кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің білікті мамандарынан құрылған арнайы кеңес тарапынан жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың өзекті жобалары іріктелінеді. Жобаларға грант тағайындау жайлы шешім ұсыныстардың ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бойынша қағидалары мен критерийлеріне сәйкестікті мұқият тексергеннен кейін дауыс беру арқылы

қабылданып келеді.

–  2017 жылы біз жалпы сомасы шамамен 1 млн АҚШ долларын құраған 7 жобаға қолдау көрсеттік. Атап өтерлігі, бағдарламаның негізгі мақсатымен бірге ТШО жергілікті ҮЕҰ-ларды құруға және жетілдіруге ықпал етіп отыр. ӘИБ басталғалы бері халықаралық ҮЕҰ-лар ТШО-ның серіктесі болып, жергілікті ҮЕҰ-ға өз тәжірибесін қалдыра отырып, олар кейінгі жылдары

грантқа ие болуға жетілдірген мысалдарды атап өтуге болады, – деп атап өтті өз сөзінде үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

Жалпы жиналыс барысында бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен ТШО қызметкерлері және олардың отбасы мүшелерінен құралған волонтерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.

Жиналыс басталуынан бұрын қатысушылар, сонымен қатар 2017 жылы ТШО грантына ие болған үкіметтік емес ұйымдар – «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» атты жастардың қоғамдық бірлестігі, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы, «PYXERA Global» – «Ынтымак Атырау», Орта Азияның Еуразия Қоры, Британдық Кеңес, «Жаңа Ақпараттық Серпін» және «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің шағын көрмесіне қатысты.

«Теңізшевройл» ЖШС шикі мұнайды, сұйық және құрғақ газды, сонымен бірге күкіртті өндіру және өткізумен айналысады. Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық жұмыстар халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС-ы 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде

құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-ның қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

 

https://dalanews.kz/31676

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x