ҚазҰПУ-да Төле би көшесі күні аталып өтті

Dalanews 10 қаз. 2017 15:55 266

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бас оқу ғимартының алаңында Медеу аудандық әкімдігі мен осы оқу орнының бірлесіп ұйымдастыруымен "Төле би көшесінің"  күні атап өтілді.

Бұл мереке Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдармасының еңбегіне сәйкес жастарға рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, көше тұрғындарының туған қаласы мен көшесінің  тарихынан мәлімет алуына ықпал ету, өз көшесі мен ауданына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатымен өткізіліп отыр.

Мерекелік шараға Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит  Әбдіхалықов, «Каzgor» жобалау академиясының Құрметті академигі,  және  «Кен-Арна К» ЖШС директоры, көрнекті мемлекет қайреткері Кеңес Аухадиев, мемлекеттік сыйлық лауреаты, еңбек сіңірген өнер қайраткері, атақты актер Сәбит Оразбаев, белгілі режиссер, актер, продюссер Досқан Жолжақсынов және көше тұрғындары қатысты. Көше күніне арналған салтанатты  іс-шарада Медеу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев, мемлекет қайраткері Кеңес Аухадиев, мәдениет және өнер қайраткері Сәбит Оразбаев, Сәбит Әбдіхалықов сөз сөйлеп, Төле би көшесінің тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Іс-шара аясында Абай атындағы ҚазҰПУ «Балалар кітабінің әлемі», «Балалар әлемінің елшісі», «Жастар кітап оқиды, таңдайды», «Қолөнер» шеберлері бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Шеберлік сыныптары болды. Әртүрлі ұлттық спорт ойындары көрсетілді. Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балалар театры «Базарың тарқамасын» атты музыкалық драмадан қойылым көрсетті. Көпшілік Медеу ауданы мен Абай атындағы ҚазҰПУ өнерпаздарының концерттерін тамашалады.

 

ҚазҰПУ-дің Қоғаммен байланыс бөлімі

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x