Back
| DalaNews

Димаш Қытай көрерменін домбыра үнімен сусындатты

Хунан телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының VII кезеңі эфирден көрсетілді.

Онда Димаш Құдайберген бірінші болып өнер көрсетіп, Қазақ ұлттық музыка аспаптар өркестрінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін шырқады. Ол әнді бастамас бұрын қазақтың киелі домбырасында «Адай» күйін күмбірлетіп, Қытай жанкүйерлерінің делебезесін бір қоздырып алды.

Айта кетелік, Димашты бұл жолы көрермендер қазақ ханзадасы секілді қарсы алды. Өйткені әлеуметтік желіде Димаштың киімін талқылаған жанкүйерлер:  «Ол нағыз ханзада» десті.

Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлдені Гонгок тумасы Sandy жеңіп алды. Жобаға жаңа ғана қосылған Қытайлық әнші Ли Циянь ІІ-орыннан көрінсе, Чжан Бичжэн жобадан шығып қалды. Жобаның іріктеу бәсекесінің төрт айналымы (8 кезеңі) өз мәресіне жетті.