Абызы – Амантай (қажы), жыршысы – Сайлаубек (МС) болған заман-ай!

Dalanews 04 нау. 2017 03:01 210

Жырауларымыз «Қатын би болған, сиыр пұл болған, замана-ай» деп жырлағанын бәріміз білеміз. Бүгінгі заманның келбетін  ақын Төреғали Тәшенов өзінің Фейсбуктағы парақшасында былайша жырлапты.  

 

«Абызы – Амантай (қажы) болған,

Әртісі – Адамбай (Нұртас) болған,

Әншісі – Жолбарыс (Сейфуллин) болған,

Министрі – Арыстан (бек) болған,

Аруы – ақ Баян болған –

Қылығы көпке аян болған,

Ұрысы – Мұхтар (Әбіләзов) болған,

Ірісі – Тоқтар (Төлешов) болған,

Пайғамбары – Нұрәлі (түркістандық Әмірәлиев) болған,

«Киелі Кітап» (қазақша Библия) – Құраны болған,

Мүфтиі – Мұрат (Телібеков) болған,

Есегі – пырақ болған,

Муз тобы – 91 болған,

Көшесі – лайсаң, кір болған,

Жыршысы – Сайлаубек (МС) болған,

Биліктен – қайран жоқ болған,

Кумирі – Трамп болған,

Ұлт асы – быламық болған,

Киносы – «Келін» мен «Шал» болған,

Халқы – түк түсінбей дал болған,

Заман-ай! Ай, заман-ай!»

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x