Men’s Health. Димаш әлемге әйгілі журналдың мұқабасына шықты (фото)

Dalanews 02 нау. 2017 05:44 230




Әлемге әйгілі Men’s Health журналының қытайша нұсқасының алғашқы бетіне Димаш Құдайбергеннің суреті жарияланды. Әлі жарық көріп үлгермеген журналдың наурыз айындағы нөмірінің кейбір парақшалары Қытайдағы әлеуметтік желілерде тарап үлгерген.

Димаш Құдайбергеннің суретімен тарайтын журнал бетінде "Мен әзірдің өзінде жеңімпазбын" деген тақырып тұр.



Расында, Димаш алдындағы сұқбаттарында осылай мәлім еткен. Алайда ол телебайқауға қатысып жатқандарды жеңдім, мен мықтымын деген менмендікті білдірмейтінін баса айта кетелік. Димаш өзінің Қытайға келіп, бірден осынша жанкүйердің сүйіспеншілігіне бөленгенінің өзінің жеңісі деп санайды, осының өзін қанағат тұтады. Қытайдағы сұқбаттарында ол мұны үнемі айтып жүр.



Ал журнал ішіндегі суретте Димаш Қытайдың қымбат көлігі жанында тұр.

Наурызға арналған журналдың нөмірі таяу күндері сатылымға шығады.



Айта кетелік, бұған дейін де Димаштың суреті Қытайдың басқа журналдарының бетіне шыққан. Мәселен, соның бірі — Southern Metropolis Daily.



Негізінен, журналдың басқы бетіне өте беделді тұлғалардың суреті басылып шығады әрі ол ақылы. Мәселен, қазақстандық журналдарда бұл құн 3000 мың доллардан басталады. Ал әлемге әйгілі журналдарда бұл соманың қанша екенінін енді ойша пайымдай беріңіз…



 Әзірлеген, Кәмшат СӘТИЕВА 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x