"Әйелді таспен ұрған". Иранның құпиясын ашып қойған әйел бостандыққа шықты

Dalanews 04 қаң. 2017 03:32 248



Абақтыда отырған Иран белсендісі Араш Садехи әйелін бостандыққа шығарған соң аштық жариялауын тоқтатты. Ол 24 қазан айынан бері әйелі, жазушы және құқық қорғаушы Голрох Эбрахимиді қамауға алғаннан кейін аштық жариялаған.






Оның өзі 3 қаңтарда кепілмен уақытша босатылғанын хабарлады. Эбрахими қазан айында Иранның тарихында таспен ұратын тәжірибе болғаны жөнінде материал жазғаннан кейін қамауға алынған. Бірақ мақала жарияланбаған.

Кейінірек ол «исламды балағаттарды» деп айыпталды. Amnesty International бұл оқиғаны «әділетсіздік» деп атады. Эбрахими босатылғаннан кейін күйеуімен кездескенін хабарлады. Оның сөзінше, екі айдан астам аштық жариялаған күйеуінің жағдайы өте нашар.

Садехиді қолдап, оның денсаулығына алаңдап бірнеше рет онлайн-кампания өткен. 2 қаңтарда ондаған адам «Эвин» тегерендық түрменің алдында ерлі-зайыптыларды бостандыққа шығаруды талап етіп акция өтті. Садехи философия факультетінің студенті. Ол «ұлттық қауіпсіздікке қарсы келісім жасады», «мемлекетке қарсы насихат жүргізді», «киберкеңістік жөнінде жалған ақпарат таратты» және «Ислам республикасының негізін қалаған аятолла Рухолла Хомейниге тіл тигізді» деген айыптармен 15 жыл түрме жазасын өтеп жатыр.





Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x