Министрдің қазасына қайғырған 470 адам құсадан өлді

Dalanews 11 желт. 2016 16:23 190

Үндістанда Тамилнад штатының министрі Джаярам Джаялалитаның қазасына қайғырған 470 адам құсадан өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты  Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға туралы "Аннадураи атындағы бүкілүндістандық федерациясы" саяси партиясы Twitter желісіндегі парақшасында жексенбіде, 11 желтоқсанда хабарлады.

"Революция көшбасшысының қазасына қайғырған 470 адам қайтыс болды. Әр отбасыға көмек ретінде 300 мың рупи (шамамен 280 мың рубль -"Ленты.ру") беріледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Дравид ілгерілеуінің жалпыүндістандық федерациясы" партиясындағылар өз-өзін өртемекші болған саяси қызметкерге және тағы бір қызметкерге кесілген саусағы үшін 50 мың рупи төлеп беретіндерін мәлімдеді, - деп келтіреді саяси партиядағылардың сөзін Huffington Post басылымы. Бұл жарақаттардың барлығы штат басшысының қаза болуымен байланысты екен.

Джаярам Джаялалита ұзақ уақыт бойы Тамилнад штатының бас министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол жоғары парламент палатасының мүшесі, саяси партиялардың бірінің көшбасшысы болған.

Өзінің мансап жолын актриса ретінде бастап, кейіннен Үндістағы белгілі саясаткерлердің бірі болған. Джаярам Джаялалита 5 желтоқсанда Ченнаи қаласында ұстамалы жүрек ауруынан қайтыс болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x