Шархан Қазығұл – айына 500 доллар алатын бақытты автор

Dalanews 04 шіл. 2022 06:38 412

Ол mecenat.kz өткізген байқау қортындысы бойынша Еліміздегі ең үздік роман авторы деп танылды. Енді өмірінің соңына дейін ай сайын 500 доллар cыйақы алады.

Ертең, яғни шілденің 5-ші жұлдызында жеңімпазды марапаттау рәсімі өтпек. Дауыс берушілер басты марапатқа Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романын лайық деп тапты.

Роман неге «Күлпет» деп аталады?

«Ана тілі» газетінің жазуынша «Күлпет» деген сөз «жан азабы» деген мағынаны, ал осыған ұқсас «Күлмет» деген сөз адамның өмірде біліп, білмей жіберген қателігі, айыбы, қылмыстық ісі дегенді білдіреді. Негізгі кейіпкер – Әбужан Арал өңіріндегі Ерден жылқышының жалғыз ұлы. Әкесі оның жылқышы болғанын қаламайды. Қазіргі заман оқығанның заманы деп, баласын оқытуға күш салады. Әбужан Ақтөбе медициналық институтын бітіріп, жұмысқа кіріскен тұста еріксіз Ауғанға әскер қатарына алынатындардың тізіміне кіргізіліп, соғысқа аттанады. Соғыстан кейін де елге қайта алмай амалсыз ­Америкадан бірақ шығады. Ауғанға баруы да, Америкаға өтуі де Алланың емес, адамның қырсық-қиянатының салдары еді. Әбужан еліне 37 жылдан соң бірақ оралады.

Mecenat.kz жобасының хабарлауынша, сайтта 1916 роман бойынша 1062 оқырман тіркелген, олардың ішінде нәтижелі, ешқандай күдік тудырмайтын 222 дауыс жиналған. «Күлпет» романы бойынша сайтта 1024 оқырман тіркелген, олардың ішінде нәтижелі, ешқандай күдік тудырмайтын 566 дауыс жиналды. Соңында тек нәтижелі дауыстар ғана есепке алынды. Яғни өзін және дауыс беру дерегін растаған оқырманның ғана дауысы саналды.



Mecenat.kz жобасы жыл сайын үздік роман авторын іріктейді де, оған өмірінің соңына дейін ай сайын 500 доллар төлеп тұруға міндеттеледі. Оған белгілі меценаттар, банкирлер мен қаржыгерлер көмектесіп отырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x