Жазушылар одағы мен Алматы музейлері бірлесіп жұмыс істейтін болды

Dalanews 11 нау. 2021 10:39 224

Күні кеше ғана Қазақстан Жазушылар одағы Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға сәйкес аталған мекемелер өскелең ұрпаққа эстетикалық тәлім-тәрбие беретін, отансүйгіштікке баулитын бағдарламаларды жүзеге асырады.  Сонымен қатар, көрмелер, мәдени-ағарту іс-шаралары мен экскурсиялар ұйымдастырып, көрнект қаламгерлердің шығармашылық өмір жолы, қоғамдық қызметі мен ізденістерін жан-жақты насихаттау  барысында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.



Алдағы уақытта тараптар Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық меретойына орай көшпелі көрме ұйымдастыру, Бірлестікке кіретін музейлерде ақын-жазушылармен шығармашылық кештер өткізу сынды көптеген әдеби-мәдени шараларды бірлесіп атқарады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x