Біз теңбіз бе?

Dalanews 03 сәу. 2020 10:32 303

Мен ес білгелі білетінім, естігенім барлық адам тең, ешкім артық емес, тіпті кейде одан сенің қай жерің артық деген сөзді естіп жатасың. Бірақ мен өзімді өзгеден артық санамаймын.  Соңғы уақытқа дейін осы естіп, білгенім мені мазалаған емес. Білмеймін мүмкін оны ойлайтын ес енді кірген шығар. Қоршаған ортамда болып жатқан оқиғалардың ешбірін естен шығарған емеспін, бәріне өз ойымда пікір беріп отыратынмын,себебі, ішкі ойлар маза бермейді, тағы бір түсінгенім, біз өз ойымызға ие бола алмаймыз. Ойлағымыз келетіні бар, келмейтіні бар, бәрі бәрібір әрқашан ойымызда тұрады. Міне сол ойлар маза бермегендіктен осыны жазып отырмын. Осы маза бермеген ойлар біз теңбіз бе?
Күнделікті бір күнде, тіпті бір секундта, әлемнің  түкбір-түкбірінде түрлі жайттар орын алады. Осы жайттарды ойлай отыра біз барлығымыз тең емеспіз деген күмән менде туындады. Неге десеңіз :
Мен ойладым егер Алла бізді тең етіп жаратты дейміз. Неге олай ойлаймыз? Бар адамзаттың тең келер жері: осы дүниеге келуі,  осы дүниеден өтуі,және де  Алла расымен өмірде бар болса барлық адамның Алладан төмен, оның жағдайына қарамастан оның құлы екендігіміз. Ал енді тең емеспіз деп ойлау себебім:
Адамзаттың жағдайы, бірі баршылықта өмір сүрсе, енді бірі жоқшылықта өмір сүруі, одан қала берсе, бірі келбетті, бірінде сұлулық аз, бірі алғыр, бірі білімге таяз, бірі талантты, енді бірі жоқ, тағы бірінің туа біткен денсаулық мәселесі, басқа адамда бар аяқ, көз, қол, құлақ менде неге жоқ деп ойлаған адам болса, онда олда біздің тең екенімізге күмәндәнған болар. Мен шынымен әлемдегі бәріміз тең болғанымызды қалар едім. Себебі: мен жоғарыда атап, адамды екі тап-қа бөлдім, егерде мен атаған жерлерде бізде тең болса, қазірде болып жатқан мәселелердің көбісі орын алмаушы еді. Біз тең болсақ, адамдар арасында ұрлық-қарлық, пара алу, алдап-арбау, оңай ақша табу мысалы ретінде алсақ құмар ойындары, балгерлер арқылы қастық істеу, жастардың, мектеп оқушыларының депрессиядан зардабы, көреалмаушылық болмас па еді? Және де оған суицид саны азаяр ма еді деп оны да қосқым келіп тұр. Жарайды осы аталғандардың ішінде қарапайымы көреалмаушылық деп алып қарасақ, оны жәй адамның жаман қасиеттерінің бірі деп алу аздық етіп қалады. Өйткені осы көреалмаушылықтың өзі бізге өте қорқынышты мәселелерді туындатады. Ең алдымен бұл көреалмаушылық неден пайда болатынын қарастырғым келеді. Көреалмаушылық бірден бір себебі деп адам өзін быреуден кем сезінуі деп айта аламын. Адам неге өзін кем сезінеді?
Оған әлеуметтік жағдай әбден себеп болуы мүмкін. Ал бұл көреалмаушылық неге әкеліп соқтырады? Ол адам өліміне, не адам өзі көре алмаған адамды барынан айыруы үшін көптеген жаман пиғылдарға баруы. Міне егер  біз тең болсақ, бұл көреалмаушылықтан және оның салдарынан зардап шекпес пе едік? Дәл осыған қосып біз тең болсақ пара беру, оңай ақша табу үшін құмар ойындарына салынып кеткен адам болмас еді. Адам жалпы жаман оймен осындай әрекетке барады дей алмаймын, қазіргі таңдағы біздің басты проблемамыз, бала-шағаны қатарынан кем кылмауымыз керек. Міне сол себепті күндіз түні жұмыс істеп отбасымды асырауым керек деген оймен олар жұмыс істейді. Дәл осы кезде тағы  бір жәйт жұмыссыздық зардабы туындайды, міне бұны адам жеңіл ақша табуына, яғни құмар ойынын ойнауының бірден бір себебі деп қарастыруға болады.
Көреалмаушылық қатарына кей адамдардың баршылықта дүниеге келуін, ал кей адамдардың ол дәрежеге жетуі үшін абыройды қасықтап жинайтыны. Кейбір адамдар оған да оңай жетемін леп ұрлыққа барады. Ал сол ұрланған зат адам өміріне татымайтынын ұмытып кетеді.
Шыны керек, адамдарды бөлгенім емес, бірақ мен кем-тар туылған жандарды көргенде өте жаман сезімде боламын, көз жанарынан туғаннан айырылған жандарды көргендегі сезімді жеткізу мүмкін емес, сондай жаман сезім, мен соны ойласам маған өте обидно. Біз күнделікті көретін қарапайым аспан пен күнді, ай мен жұлдызды, туған ана, бауырын көрмеген жандар сонда да өмірге риза, олар мүлде өмірге келмегенде қайтер едік деп ойлайды сол сияқты аяғы ақсақ адамды көрсем  екі ағымның сыздаганын сеземін. Олар оз жағдайына қарамастан еңбекқор болып келеді. Мен Жұлдыз-ай балаларға арналған фестивальда болдым, ол жерде бірінен бірі өткен талантты, өте сұлу балалар өнер көрсетті, бірақ олардың бірі оны естіп, не көре алмайтыны өте өкінішті. Мен осы сәттерде өзімнің барға қанағат қылмай жүргенімді түсінемін. Менің ойымша Алла осындай адамдарды бізге ненің болсада қадірін түсіндіру үшін кезіктіреді.
Әр адам бақытты өмір сүргісі келеді, айналамызда болып жатқан көрініске қарап үнемі қаша береміз. Бәрі жақсы болу үшін біз бәрін өзімізден бастау керекпіз. Жақсы адамдар айналамызда көп болса да, бәрін жақсы болу үшін ол аздық етеді. Болашақта дәл осындай мәселелерден айрылылу үшін Қазақ  айтқандай біріге көтерген жүк жеңіл деп   біз бірге тырысамыз деп үміттенемін. Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз дегендей біз не болсада әрқашан бір бірімізге қолдау көрсетсек өмір тағы бір белеске жетер еді.

Құралай Медетқызы, 85 мектеп-лицей оқушысы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x