Ерлігі ұмытылмас ерлер

Dalanews 10 ақп. 2018 05:02 289

С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының жанынан ашылған «Бүркіт» патриоттық клубының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ерлігі ұмытылмас ерлер» атты патриоттық кеші өткен болатын.

15 ақпанда КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 29 жыл болады. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді.  1989 жылы ақпанның 15 күні КСРО-ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты. «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді.

Осы шараға Галеев Гумер Абдулвалиұлы – аға лейтенант, «Боевое братства» қоғамдық қорының құрылтайшысы; Қалдыбаев Асқар Өмірғалиұлы - кәсіпкер, «Бектеміров» ЖК техникалық басшысы; Айжанов Жалғас Шәріпұлы – Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институтының подполковнигі; Ермекова Нұргүл Нұрдаулетқызы – «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапханашысы; Калдина Гүлжайнар Нәренқызы – С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры; Әскери-техникалық мектептің курсанттары, «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығына келген кітапханашылар және №16 орта мектебінің оқушылары қатысты.

Шараға қатысқан Ауған ардагерлері Ауған  соғысы жөнінде жастарға қызықты әңгімелер айтты. Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы ауған соғысы жайлы өз ойын айтып, жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда,-дейді. Сонымен біргебүгінгі қатысып отырған ардагерлерімізден де бөлек Балқасымов Аслан Нұрқасынұлы, Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы, Айтбаев Нұрлан және т.б. ардагерлердің ерлігі туралы мағұлмат беріп, елін, жерін қорғайтын, намысшыл азамат, азаматша болып өсулеріне тілек білдірді. Кеш барысында «Афганистан болит в моей душе» атты бейнебаян және слайд көрсетілді. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті, «Ақ қауырсын» клубының мүшесі Қызыл Динара Бақытбек Смағұлдың «Ауғандағы ақиқат» өлеңін, №16 орта мектебінің оқушылары Дарью Малюта, Мельниченко Анастасия, Жақсылықова Жансая ардагерлерге арнап өлеңдерді нақышына келтіріп оқыды. «Бүркіт» патриоттық клубының мүшелері «Қазақстан сарбаздары» патриоттық әнін орындап, флешмоб биледі.Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі АдахановаАлма «Сағыныш сазы», «Надежда», «Катюша» әндерін орындады. Кітапханашы Мұқашева Алтынай «Ауған соғысы:шындық, тарих, тағылым»кітап көрмесімен және «Ерлікке тағзым» атты зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлерінен көрме қойылып, таныстырды.

Гүлжан ӨТЕГЕНОВА, С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Ақтөбе қаласы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x