Бәйбіше-тоқал: қайсысы артық?

Dalanews 15 мам. 2015 03:36 669

Қазіргі заманның бөлінбес бөлшегіне айналған қарым-қатынастың өзектісі – ол бәйбіше мен тоқалдың сыйластығы. Екі әйел азаматының қамқорлығы мен көңіліне бола тартысады. Оның бос уақытын бөлісе алмай таласады. Бір жаманы екі әйелдің жанжалының ортасында зардапты бала шегеді. Сондықтан бұл мақала дұрыс қарым-қатынасқа қалай қол жеткізу турасында. 

 

Берт Хеллингер

Әркімнің өз орны бар
Мансұр, 32 жас:
«Алғашқы некеден жеті жасар ұлым бар. Бірінші әйелім былтыр күйеуге шықты, оның өтінішімен баламды өзім қолыма алдым. Алайда екінші әйелімнің баламмен тіл табысуы қиындап барады. Өзіміздің баламыз болсын деп шу шығарады. Бірге тұрғанымызға екі жыл. Ұлым өзін керексіз сезініп қала ма деп қорқам. Балам мен әйелімнің ортасында қақ жарылып кете жаздап жүрмін. Шаршатты».


Айна, 25 жас:
«Ұлымыз бір жарым жаста. Күйеуімнің алғашқы некеден он жасар қызы бар. Сол қыз үшін үнемі керілдесіп қаламыз. Екі үйге қатар шабылып, шаршайды. Бірінші әйелі үнемі қоңыраулатып отырады. Біресе анауы жоқ, біресе мынауы. Жексенбі сайын қызымен уақыт өткізуге кетеді. Ал, менің ұлым ше? Бізге де әкенің көңілі керек, махаббаты дегендей. Қызыммен уақыт өткізгеніме кедергі келтірме дейді. Кейде қатты ұрсамыз сол үшін. Сол үшін күйеуім ажырасайық ендеше деуге барып жүр».


Бұл екі хаттан қазіргі таңда бар мәселенің ұшы шығып тұр. Қарым-қатынастардағы қиындық қолдан жасалатыны анық байқалады. Отбасылық жүйе жоқ. Тектің таралуында өзіндік реттілік бар. Бұл біріншіден, кімнің жүйесін сызсақ – сол адам. Екіншіден, сол адамның бауырлары, әкеден, анадан бір туғандарын толық есептегенде. Оның әке-шешесі, олардың бауырлары, одан әрі қарай ата-әжелерінің отбасылық жағдайын қарап шығуға болады. Үшіншіден, әйелдері. Бірінші, екінші, үшінші. Заңды, азаматтық неке. Осы некелерден өрбіген ұл-қыз. Тіпті, жасанды түсік жасалса да есепке алу керек.
Қалай қарасаңыз да, бәйбіше де, тоқал да бір тектің жүйесіне енеді. Оны өзіңіз сызып та қарай аласыз. Мұнда маңыздысы – әркімнің өз орны болуы. Әр әйелдің өз орны бар. Бірінші некенің балалары бірінші, екінші некенің балалары екінші аталады.
Бұл жүйеде «бұрынғы» әйелі деген сөз қолданылмайды. Өйткені, отбасы жүйесінде «бұрынғылар» болмайды. Жүйеде бәрінің аты аталады, қайтыс болса да. Бұл орындарды мақтан үшін белгілемейді. Тек реттілікті бұзбау үшін.
Тіпті ажырасқан күнде де бәйбіше әйелі болып санала береді. Олар балаларға ортақ ата-ана мәртебесінен айырылмайды. Отбасылық тектің салты сол – кейіндеу келген адам алғашқысын сыйлауға тиіс. Бұл бәйбіше әрдайым бірінші болып қала береді деген сөз. Тоқал оның орнын баспайды. Оның да өз орны бар. Екінші әйел осыны түсінсе, көп қитұрқылық жойылады. Екінші әйел мұны түсінбесе, өз некесінің түбіне жетеді. Түсіністік болмаса ерте ме, кеш пе бұл отбасы ажырасады.
Баламен де сол тәртіп. Бірінші некенің балаларын екінші әйел түсінуі де, сыйлауы да шарт. Тоқалдың баласы олардың алдына түсе алмайды. Азаматын осы тұрғыда жазғыру менмендіктен. Бірінші бала ылғи да бірінші. Қалғандары сол реттілікті сақтайды. Өзінен туған баланы бәйбішенікінен артық көру өз некеңе ор қазу. Бәйбішені сыйлау шарт. Оның балаларын да. Ер азамат қай балаға қанша көңіл бөлуі керектігін өзі шешуі тиіс. Еркекті неғұрлым байлап ұстағысы келсе, оны соғұрлым жылдам үркітіп алады. Ерікті түрде жасалған қарым-қатынас тепе-теңдікті сақтайды. Ер адам екі отбасыға да көңіл бөліп үлгереді.
Азаматтарға не ақыл айтуға болады? Провокация мен манипуляцияға бой алдырмау керек. Екінші әйелдің біріншісін сыйлауы ғана некені мызғымас етеді. Егер түсінбеушілік болмаса, екінші неке тек уақыт пен төзімнің еншісінде ғана.
Екінші неке тек біріншінің кемшілігінің салдарынан жүзеге асады. Көбіне екінші неке бірінші бітпей тұрып басталып жатады. Неке ғұмырлы болуы үшін әр адам өз кінәсін мойнына алуы керек. Олардың бақыты тек бәйбіше мен оның балаларының арқасында ғана мүмкін болды. Мұндайды қабылдай білу сыйластыққа созылуы кәдік. Кей адамдарға мұны түсіну өте қиын. Кейде бәйбішелер тоқал туралы сөз қозғағанда аузы бармайтынды айтып, қолы істемейтінді істейді. Содан кейін оны сыйлау қиындай береді. Бұл да қайғыдан екенін ескеру керек. Осы кезде күйеуі мен екінші әйел бәріне бәйбіше өзі кінәлі, біздің кінәміз жоқ деп ойлап қалуы да мүмкін. Осындай адаммен қалай бірге тұруға болады деп ойлайды. Бірақ бұл ой аса қатерлі. Бәйбішеге деген сыйластықты сақтауға тырысу керек. Ерте ме, кеш пе ол есін жияды. Кең болуы керектігін түсінеді. Өзінің де кемшіліксіз еместігін ұғынады.




Күйеуіңізді өткен өмірімен қоса қабылдауыңыз керек. Бірінші әйелімен, оның балаларымен. Өткен өмірді жоққа шығаруға болмайды. Өткенін қабылдай алмасаңыз, оның өзінде қабылдай алмағаныңыз. Оның өткенін білдіңіз, ендеше соны ескере отырып өмір сүруге дағдылану керек.



Әйелдерге кеңес:
1. Күйеуіңізді өткен өмірімен қоса қабылдауыңыз керек. Бірінші әйелімен, оның балаларымен. Өткен өмірді жоққа шығаруға болмайды. Өткенін қабылдай алмасаңыз, оның өзінде қабылдай алмағаныңыз. Оның өткенін білдіңіз, ендеше соны ескере отырып өмір сүруге дағдылану керек.
2. Оның бірінші әйелі сіздің психологиялық ахуалыңызға жауапты еместігін жадыңызға түйіп қойыңыз. Оның ақиқаты сіздікінен бөлек. Сіздің сезіміңізге ол немқұрайды қарайды. Ол оны ешқашан ескермейді, түсіністік болады деп дәмеленбей-ақ қойыңыз.
3. Оған деген ашуыңыз болса, ол оның алдындағы кінәңіз. Сіздің некелі болуыңыздан зардап шеккен жақ ол. Тек соның қателіктерінің арқасында сіздің неке қиылды. Сіз балалы болдыңыз. Оған да, оның баласына да түзу көзбен қараңыз. Сыйлауға тырысыңыз.
4. Бәйбіше мен күйеуіңіз бала тәрбиесіне қатысты әрдайым пікірлесіп тұруы заңдылық. Бірінші әйел керек кезде қоңырау шалуға, баланың жағдайын баяндауға, көмек сұрауға қақысы бар. Түсініңіз.
5. Әкесі мен бірінші некенің балаларын араластырмай қоюға болмас. Мейлінше балалармен тіл табысуға тырысыңыз. Тек сыйлық жасап, кәмпит берумен шектелмеу керек. Бастапқы кезде бәйбіше сіздің өз балалырымен араласуына қарсы болар. Дегенмен уақыт өте келе жағдайды реттеуге болады. Әкесімен ғана араласқысы келсе, оған еш ренжімеңіз, мүмкіндік жасаңыз.
6. Егер ер адам бірінші әйелі мен одан туған балаларына салқын қабақ танытса, бұл жақсы емес. Ертең сізбен де солай қарым-қатынасын үзіп кетуі мүмкін. Ер адам екі әйелмен де, барлық балаларымен де дұрыс қарым-қатынас түзуі керек. Отбасы неғұрлым мәдениетті болса, оның пайдасы әркімге де жеңілдік әкеледі.
7. Екінші некеде бала туса, оларды елден ерек деп тануға болмайды. «Бізге көңілді бірінші баладан артық бөлу керек» деген сияқты сылтаулар өзіңізге зиянды. Бірінші орында бірінші бала. Қалғаны өз орнында болады. Реттіліктен асамын деп талпынбаңыз. Әкесі бар баласымен қатар араласуы керек.




Бәйбішеге деген сыйластық қалуы тиіс. Ол қандай мінез көрсетсе де.



Ерлерге кеңес:
Әдетте бала өткен мен бүгіннің арасындағы арпалыстың басты себепкері ғана. Еркек басты сыйлық ретінде дәл ортадан орын алады. Кей адамға бұл ұнайды. Бірақ бұл рөл ер адамға ыңғайсыздау. Егер арпалыс белгілі бір шектен шықса, екінші некеге қауіп төнеді, одан бәйбіше де ештеңе ұтпасы анық. Ең қиыны – зардапты бала шегеді.
Дұрыс қарым-қатынас түзуге мына кеңестердің пайдасы болуы ықтимал:
1. Екінші рет үйленген соң бәйбіше екеуіңіз ата-ана екендіктеріңізді ұмытпаңыз. Ерлі-зайыпты болмауыңыз мүмкін. Ол да жағдайына қарай.
2. Бәйбішеге деген сыйластық қалуы тиіс. Ол қандай мінез көрсетсе де.
3. Бәйбіше мен тоқалдың бір-бірінің балаларымен қарым-қатынасының дұрыс өрістеуін қадағалаңыз. Бір-бірімен сыйластықта сөйлесе алса да жеткілікті, ерекше сүйіспеншілікті талап етпеңіз. Баланың ырқы мен ықтиярына деген құрметті қоштап отырыңыз.
4. Қарым-қатынас көлеңкесіз болуы тиіс. Әрқайсысымен. Қызғанышқа жол бермеңіз. Некедегі әйеліңізге оның бәрінен артық екенін сезіндіріңіз. Сенімді әйел кең пейіл келеді.
5. Тоқал ешқашанда бәйбішенің баласына туған баласындай қарай алмайтындығын түсіну керек. Бұлай ойлау сол қалыптасқан реттілікке нұқсан келтіреді. Бұл жолы азамат тарапынан. Отбасы тегінде екінші некедегі бала тоқал үшін бірінші болғанымен, ер азамат үшін тектік шежіредегі бір бұтақ қана.
6. Екінші некеде бала туса әкесі бірінші некедегі балалар сенімсіздікке бой алдырмай ма деп қауіптенеді. «Сен менің тұңғышымсың» деген сөз иерархияны қалыптастырады. Әркім өз орнында. Балаға маңыздысы сіздің құшағыңыз бен ыстық ықыласыңыз.
Бастысы, жалған намыс пен қарым-қатынасты дұрыс бағаламау қиындыққа ұрындырады. Өзіңізді алдамаңыз. Жаңа қарым-қатынас ескі қателіктерді мойындаған кезде баянды болады. Сонда ғана сүйіспеншілік тереңдігіне бойлауға жол ашылады. Елестер мен көлеңкелер жойылады… Екінші неке біріншісінен қымбат болады, бірақ бұл некенің бақыты аз болуы тиіс деген сөз емес.


Аударған Шынар Әбілдә


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x