Камюдың қанатты сөздері

Dalanews 06 сәу. 2015 09:01 325

Альбер Камю көзінің тірісінде «Батыстың ары» атанып кетті. Ол әлемдік интеллигенцияның «терең ойшылдары» дейтін алдыңғы қатарлы тұлғаларының ең көрнектісі еді. Оның шығармашылығы мен өмірлік көзқарастары классикалық әдебиеттен алшақ болды. Көркем әдебиет саласында ең бірінші болып әлем дұрыс қалыптаспағанын айтқан адам – Альбер Камю болды.

Тіршілік етудің жалпыда қитұрқылығы жетіп артылатынын алғашқылардың бірі болып паш етті. Камюдің айтқанына сенсек, өмірдің мағынасын іздеп әуре-сарсаңға түсудің еш мәні жоқ. Жәй өмір сүріңіз. Ол «Бүгінгі таңдағы адам санасы шешуге тиісті күрделі түйткілдерге тоқталған шығармалары үшін»  1957 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығымен марапатталды.

 

  1. Өмір тым тез әдетке айналады. Бақытты өмір сүру үшін ақша тапқың келеді. Нәтижесінде бар күш-қуатың табыс табуға жұмсалады. Бақыт ұмытылады. Қалта толтыру мақсатқа айналады.

  2. Келешекке жасар ең үлкен жомарттығың – бәрін бүгінге арнауың.

  3. Бақыттың мәні не деп іздесеңіз, ешқашан бақытты болмайсыз. Өмірдің мәнін іздесеңіз, ешқашан өмір сүрмейсіз.

  4. Өмірде шешіп алатын ең маңызды сауал: бір мезгілде бақытты әрі жалғыз болуға бола ма?

  5. Дым бермесең, түк алмайсың. Сені ешкім сүймесе, ол бақытсыздық емес. Бақытсыздық өзің ешкімді сүйе алмауың.

  6. Саяхаттау өмірдегі ең ұлы әрі күрделі ғылым ретінде адамға өзін-өзі тануға көмектеседі.

  7. Қауіпі мол жерде - үміт те зор.

  8. Ерте ме, кеш пе6 пайымдау мен әрекеттің бірін таңдайтын сәт туады. Оны «адам қатарына қосылу» деп атайды.

  9. Бірде бір керемет туынды жек көру мен жиіркенуге негізделмеген.

  10. Торығуға дайын тұру әдеті торығудың өзінен де қауіпті.

  11. Дарын тек бір сәттік мүмкіндік. Тек еңбек пен қайсарлық оны даңққа айналдырады.

  12. Әділетсіздікке бейтарап болу мүмкін емес. Әділетсіздікпен не күреседі, не серіктес болады.

  13. Мектеп бізді дүниеде жоқ өмірге даярлайды.

  14. Бұл өмірде мағына жоқ. Соны сезінген адам еркіндікке қол жеткізеді.

  15. Қиямет қайымды күтпеңдер. Ол күнбе күн қайталанып жатыр.

  16. Тек таңдау еркіндігі тұлғаны қалыптастырады. Бар болу - өзіңді таңдаудан басталады.

  17. Дәулетті кіріптар болғанша, азаттығы бар жарлы болған артық. Әрине, адамдар әрі бай, әрі азат болғысы келеді. Соның салдарынан кедей құлға айналып шыға келеді.

  18. Менің қайғым – бәрін түсінетіндігімде.

  19. Өтірік айтпай өмір сүре алатын адам ғана азат.

  20. Менің алдыма түспе – ілесе алмай қалуым ықтимал. Соңыма түспе – бөтен жаққа бастап кетуім мүмкін. Қасымда жүр – жан жолдасым бол.


Аударған Шынар ӘБІЛДӘ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x