Бюджетке 1,6 млн теңге аударылды

Dalanews 21 нау. 2015 01:31 203

Бұл туралы «Достық»  кеденінің  2014 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысы мен  2015  жылдың  міндеттеріне» қатысты өткен аталған мекемедегі жиналыстың қорытындысы бойынша «Достық» кедені баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жиналыста басқарма және  бекет  басшыларының  қызмет бабындағы  ҚМ ҚМ МКК «Достық»  кеденінің  2014 жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы  бойынша есебі тыңдалып, 2015  жылдың  міндеттері,  проблемалық сұрақтары  қаралды.     

2014  жыл бойынша «Достық»  кеденінде  көрсетілген әкімшілік істер бойынша  кеден органымен  2 522 424 теңгеге, сот органдарымен  9 935 980   теңгеге  айыппұл салынса,   соттың  қаулысымен 12 641 782 теңгеге  тауарлар тәркіленіп  мемлекет  пайдасына  шешілген.  Сондай-ақ, «Қылмыстық кодекстің» 209 бабының 1,2 бөлімі,  250 бабы, 325 баптың 1 және 3 бөлімдеріне сәйкес, жалпы  16  қылмыстық іс қозғалды. Аталған жыл бойынша 51іс кеден органымен, 169-ы сот органдарымен қаралған 220 әкімшілік іс қозғалды. «Достық» кеденіне түскен кедендік салықтар мен төлемдерден  мемлекеттік бюджетке 1 663 252  теңге  аударылды.

 Нұргүл  Нұғұманова,


«Достық»  кедені баспасөз қызметі 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x