Қара шаңырақта әр студентке лайықты жағдай жасалған

Dalanews 06 жел. 2023 08:51 1063

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие,Қазақстанда  білім мен ғылымның ірі орталығы, инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Халқымыздың заңғар перзенттері қызмет еткен, талай талантты ұл-қыздарымыз шыққан қара шаңырақ.

Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығаратын алтын ұя.Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлерде барлық саласында табысты еңбек етуде.

Қазақстан Республикасының көптеген ғылыми және кәсіби салаларындағы магистранттар мен докторанттарға орасан зор мүмкіндіктер ашатын көрнекті оқу ордасы болып табылады. Университет халықаралық профессорларды пікір алмасуға,лекция жүргізуге шақырады, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуларды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыстар орнатуға тырысады. Оқу ордасы  кез-келген сала бойынша білім мен оқуды жоғары деңгейде ілгерілетуді және өз күшін бүкіл әлемдік стандартқа сай болатын нәтижелерді мақсат ете отырып жұмыс атқарады. Ғылым мен қоғам қайраткерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп шығаратын алтын ұямыз биыл 90 жылдық мерекесін тойлайды.Мерейтой қарсаңында университет басшылығының ұсынысымен

 «90 жыл-90 іс-шара» жобасы басталды.Игі бастаманы қолдау мақсатында  заң факультетінің қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Тұрақты даму мақсаттары мен «90 жыл-90 іс-шара» мерейтой шеңберінде кафедра басшылығының бастамасымен  түрлі акциялар,спорт жарыстары,дөңгелек үстелдер,пікірсайыстар т.б өткізуде.


Қара шаңырақта лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған.Ел ертеңі-білімді ұрпақ екенін ескерсек, өзімізге берілген барлық мүмкіндікті толық пайдаланып, еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет атқару бізге ата-бабадан қалған мұра екенін жадымызда ұстау керек. Осы міндетті абыроймен алып жүру, жастар үшін басты мақсат деп есептеймін. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әр қазақ үшін аяулы мекен. Мұнда талай жақсылардың ізі қалған, талай қазақ білім алған, талай адам арманымен кездескен, мақсатына жеткен. ҚазҰУ-ды  еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

 

Түрікбен Қуаныш

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультетінің студенті

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар