Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші

Dalanews 23 қар. 2023 06:41 1068

Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, ол 2025 жылға дейін есептелген және төрт түрлі бағытта жүзеге асырылады: Бірінші бағыт – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Екінші бағыт – эпидемиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру. Үшінші бағыт – отандық фармацевтика саласының дамуына ықпал ету. Төртінші бағыт – салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар. Мемлекеттің басты басымдығы әрқашан адам денсаулығын сақтау болып табылады.Адам денсаулығын сақтау құқығына Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы кепілдік береді.Аталған баптың 1-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар» делінген.

     БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттары ішіндегі 3-мақсат «жақсы денсаулық және әл-ауқат» екенін ескерсек,барша адамзаттың денінің саулығы-басты байлығы.


Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін тағы бір фактор – жаман әдеттер: темекі тарту, спиртті ішімдіктер пайдалану. Осының бәрі де өмірімізді едәуір қысқартады. Қысқартып қана қоймай, өміріміздің сапалы өтуіне де кері әсерін тигізеді. Аталған әдеттер тек сол адамның өзіне ғана емес, айналадағылардың бәріне өз зиянын тигізеді.Жоғарыда аталған жайттарды ескере отыра,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының білім алушыларымен университеттің «Салауатты өмір салты»,кафедрамыздың «О спорт» жобасын және «Тұрақты даму мақсаттары» 3-мақсатын ұштастырып түрлі акциялар,дөңгелек үстелдер т.б іс-шаралар өткізудеміз.

Өмір – қозғалыс. Денсаулықтың да дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. Спорт – денсаулық кепілі. Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі.

 

 

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы 

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Паришова Ақерке

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультетінің магистранты

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар